Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2649 0 пікір 15 Қараша, 2019 сағат 11:29

Қырғызстанда мемлекеттік БАҚ корпорацияға бірігуі мүмкін

Қырғыз үкіметі мемлекеттік ақпарат құралдарын корпорацияға біріктіруді қарастырып жатыр. Билік сол арқылы бюджет қаражатын үнемдегісі келеді.

Бұл туралы 14 қарашада парламент отырысында вице-премьер-министр Алтынай Омурбекова хабарлады. Депутаттар 2020 жылдың бюджет жобасын қарап жатыр.

Депутат Дастан Бекешев мемлекеттік БАҚ-қа бөлінетін қаражатты қысқартуын сұрады.

Омурбекова облыстарда медиаорталықтар ашу жұмыстары жүріп жатқанын айтты. "Аудандық газеттердің кейбірі қысқарады. Мемлекеттік ақпарат құралдары корпорацияға бірігеді" деді вице-премьер.

Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов жазда аудандық газеттерге бөлінетін қаражат қысқаратынын айтқан. Республикада 34 аудандық газет бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1085
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1220
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1200