Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5946 18 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:59

НЗМ мұғалімдері "қазақтың үш бәйтерегін" білмейді

"Айдағаны 5 ешкі ысқырығы жер жарады" дегендей, Шымкенттегі "Назарбаев зияткерлік мектебі" (НЗМ) деп аты жер жарады. Мұғалімдері мектептің сұрағын білмейді. Осы жылы қараша айында жоғары лауазымға тағайындау үшін НЗМ дан конкурсқа келген үміткерлерге "Қазақ-әдебиеті" пәнінен
Қазақтың үш бәйтерегі кімдер? деген сұрақ берілді. Білмеді.
Тағы ашуланып, "менің көшбасшылық тәжірибем бар. Білу міндетті емес. Керек болса интернеттен тауып аламыз" дейді. Сонда оқушы сұраса интернеттен іздеп тұра ма?....

Сосын Әл-Фараби кім болған? Жауап жоқ. Абай туралы сұрақ. Жауап болмады. Қазақ тілінде педагогиканы алғаш кім жазды? Жауап жоқ. Ауызға түкіріп қойғандай, іс- тәжірибеге қарау керек, бұл сұрақтарды интернеттен тауып аламыз дейді. Сонда бұлар кітап оқымай ма? Бұл қазақ жастарын мәңгүртендіруге арналған мектеп пе? Абайды, А. Байтұрсыновты, М. Жұмабаевты білмеген мұғалім оқушыға олар туралы қалай үйретеді?

Бұл билікте Алаш рухты бір адамның  жоқтығы. Мына түрімен бұлар қазақ ұлтын жояды. Мұғалімі Абайды білмесе, оқушыдан не сұрайсың?
Білім министрі Аймағанбетов не дер екен?

Жарқынбек Сейтінбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496