С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жемқорлыққа қарсы
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ашықтық, әділдік және жариялылық принциптеріне негізделген жүйелі жұмыстар атқаруда.
Енді оқу үдерісі, емтихан тапсыру, әскери кафедраға қабылдау, жатақханадан орын алу кезінде немесе оқу орнындағы қызметкерлер тарапынан қызмет көрсетудің басқа да мәселелерінде жемқорлық әрекеттері байқалса 31-75-47 сенім телефоны арқылы дереу хабарласуға немесе тікелей ректор А.Қ.Күрішбаевқа, бірінші проректор А.М.Әбдіровке, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж.А.Құсайыноваға келіп айтуға болады.
Сонымен қатар, жемқорлық туралы дәлелді айғақтармен ақпарат берген тұлғаға 20 000 теңге көлемінде сыйақы белгіленді. Ақпарат берушінің құпиялылығы толық қамтамасыз етіледі.
Abai.kz