Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1865 0 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 13:20

"Еңбекқор жастар" ақпараттық кампаниясы жұмысының қорытынды тұсаукесері өтті

 

Жоба кеңсесінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен іске асырылатын "Еңбекқор жастар" ақпараттық кампаниясы жұмысының қорытынды тұсаукесері өтті. Іс-шара аясында "Еңбек нарығының жаңа болмысындағы жастар ресурстық орталықтарының әлеуеті мен рөлі" тұжырымдамасы таныстырылды.
PHD докторы, зерттеу тобының жетекшісі Жанаргүл Құлмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда ЖРО ашылуы 2014 жылы басталды. Олардың негізгі міндеті жастар мен жастар ұйымдарына қызмет көрсету болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 208 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.
Жастар ресурстық орталықтары қызметінің маңызды бағыттарының бірі жастардың өмірлік маңызды дағдылары бойынша дамыту, әзірлеу және оқыту болып табылады. Дағдыларға үйрету жастар күнделікті өмірде кездесетін көптеген мәселелерді шешеді. Мысалы: жұмысқа орналастыру, топта жұмыс істеу, отбасы институтының деформациясы.
Бүгінде жастар Қазақстанның экономикалық белсенді халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл ретте соңғы бес жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді жастар жұмыссыздығының деңгейі 2014 жылғы 3 пайыздан 2018 жылы 2,2 пайызға дейін біртіндеп төмендеді, бұл экономикалық белсенді жастар санында бір жыл және одан да көп жұмыс істемейтін жұмыссыз жастар саны үлесінің төмендеуін оң сипаттайды.
Сонымен қатар, Жанаргүл Құлмағамбетова жергілікті жерлерде жастардың ресурстық орталықтары он төрт жастан жиырма төрт жасқа дейінгі жастарды қамтуы маңызды екенін атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364