Бас кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан ұйымның мәліметіне қарағанда, Идлиб провинциясындағы Маарет әл-Нуман қаласындағы базарды атқылау кезінде 13 адам қаза тауып, 18-і жарақат алған. Бұдан бөлек аталған провинцияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Саракеби және әл-Сарман қыстақтарында да бір-бірден адам мерт болған.
Ұйым басшысы Рами Абдел Рахман ресейлік ұшақтар Идлиб қаласының Кфар Сажна қыстағына да соққы бергенін мәлімдеді.
Ресей Сирияда жанжал басталғаннан бері бұл өлкенің президенті Башар Асадқа қолдау көрсетіп келеді. Түркиямен шектесетін Идлиб провинциясында негізінен Сирия оппозициясының күштері топтасқан.
Ортада ресейлік қорғаныс министрлігі Сирияның Түркиямен шектескен аймағын күзетіп жүрген әскери полицияның үш қызметкері жарақат алғанын мәлімдеді.
Ресей мен Түркия күштері президенттер Владимир Путин мен Режеп Ердоған қол қойған келісім негізінде қараша айынан бері аталған аймақты бірлесіп күзетіп келеді.
Abai.kz