Тегін жол жүруден бастап үйде дауыс беруге дейін – мәслихат депутаттарын сайлауда сайлаушылар үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылды
Қоғамдық көлікте тегін жүру, сайлау учаскелерін іздеуге арналған электрондық сервистер, бір күндік тіркеу, инватакси және ымдау тілі аудармашыларының қызметі, арнайы жабдықталған кабиналар мен үйде дауыс беру мүмкіндігі – Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылды.
Дауыс беруді ұйымдастыру кезінде көліктің қолжетімділігіне, мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне және денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне өздігінен бара алмайтын азаматтарға ерекше назар аударылды.
Тегін көлік және қосымша автобус бағыттары
Қазақстанның 12 қаласында сайлау күні қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.
Астанада тұрғындар қалалық, қала маңы және экспресс автобустармен, сондай-ақ LRT жеңіл рельсті көлігімен тегін жүре алады. Алматыда автобустар, троллейбустар мен метрополитенде жол жүру тегін. Ал Павлодарда автобустар мен трамвайлар тегін қызмет көрсетеді.
Осындай шешім Семей, Ақтау, Атырау, Түркістан, Риддер, Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларында да қабылданды.
Талдықорғанда қалалық автобустарда тегін жүруден бөлек, шалғай шағынаудандардың тұрғындары үшін сайлау учаскелеріне дейін қатынайтын тоғыз арнайы рейс қарастырылды.
Сайлау учаскесін смартфон арқылы табуғаболады
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазақстандықтарға SMS-шақырулар, сондай-ақ eGovMobile және банк қосымшалары арқылыpush-хабарламалар жіберілді. Электрондықсервистердің көмегімен азаматтар өз сайлауучаскесінің мекенжайын біліп, сайлаушылар тізімінеенгізілгені туралы мәліметті тексере алады.
Ақтөбе облысының тұрғындарына QR-кодтары бар 266 мыңнан астам шақыру жіберілді.
Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясыныңсайтында сайлауды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарбойынша ақпарат алуға көмектесетін Sailau AIжасанды интеллект көмекшісі жұмыс істейді. Өңірлерде арнайы байланыс орталықтары да қызметкөрсетеді.
Бір күндік тіркеу
Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарүшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылды.
Мәселен, Алматыда бір күндік тіркеу қызметіқаланың 670 сайлау учаскесінің 41-інде қолжетімді. Оны белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарпайдалана алады.
Пандустар, арнайы кабиналар және Брайль қарпімен жазылған ақпарат
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің мәліметінше, 8 672 нысандаорналасқан барлық 9 780 сайлау учаскесі мүгедектігібар сайлаушыларды қабылдауға бейімделіп, олардыңқажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталған.
Учаскелерде пандустар, тұтқалар мен тактильдікөрсеткіштер орнатылған. Дауыс беру кабиналарымүгедектер арбасымен қозғалатын адамдардыңқажеттіліктеріне сай жабдықталған.
Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін үлкейткішәйнектер, қосымша жарықтандыру және Брайль қарпімен жазылған ақпараттық материалдардайындалған.
Нақты сайлау учаскесіндегі қолжетімділікжағдайларымен inva.gov.kz порталындағы«Интерактивті қолжетімділік картасы» арқылытанысуға болады.
Ақтөбе облысында көру және есту қабілеті бұзылғаназаматтар үшін алты учаскеде қосымша жабдықтар – бейнеүлкейткіштер, дыбыстық және жарықтықхабарлағыштар қарастырылған.
Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейдеорналасқан №21 сайлау учаскесінде де арнайыжабдықтар, соның ішінде портативті бейнеүлкейткішорнатылды.
Сайлау күні 1,3 мыңнан астам инватакси көлігіқызмет көрсетеді
Дауыс беру күні еліміздің барлық өңіріндемүгедектігі бар азаматтарға арналған «Инватакси» қызметі жұмыс істейді. Еңбек министрлігініңмәліметінше, бұл қызметке арнайы жабдықталғанкөліктерді қоса алғанда, 1,3 мыңнан астам автокөлікжұмылдырылған.
Көліктердің ең көбі Алматы қаласында – 170, Атырау облысында – 145, Ақмола облысында – 141, Астанада– 135, Қарағанды облысында – 126 және Түркістаноблысында – 114 автокөлік қарастырылған.
Елордада сапарлардың бір бөлігі пилоттық жобааясында Yandex Go агрегаторы арқылыұйымдастырылған. Алматы мен Қызылордаоблысында қосымша кезекші көліктер дайындалды.
Сурдоаудармашылар, онлайн-кеңестер жәневолонтерлер көмегі
Есту қабілеті бұзылған сайлаушыларғасурдоаудармашылар мен ымдау тілі мамандарыкөмектеседі.
Қарағанды облысында 72 маман, Шымкентте – 65, Астанада 57 маман жұмылдырылған.
Елордада сурдоаударма бойынша онлайн-диспетчерлік қызмет тәулік бойы және тегін жұмысістейді. Батыс Қазақстан облысында Қазақсаңыраулар қоғамының облыстық филиалыныңкөмегімен ымдау тілі арқылы бейнебайланыс арқылыкеңес алуға болады.
Сайлаушыларға қосымша көмекті волонтерлеркөрсетеді. Тек Астананың өзінде сайлауучаскелерінде 800 ерікті жұмыс істейді.
Перзентханаларда және үйде дауыс беру мүмкіндігі
Медициналық мекемелерде жатқан азаматтар үшін де сайлауға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Шығыс Қазақстан облысында перзентханада жатқанәйелдер дауыс берді. Олар үшін дауыс беру медициналық мекеменің өзінде ұйымдастырылды.
Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесінеөздігінен келе алмайтын азаматтар тұрған жерібойынша дауыс бере алады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің түсіндіруінше, ол үшін дауыс беру күні сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлаукомиссиясына жазбаша өтініш беру қажет. Осыданкейін сайлаушының үйіне комиссияның екі мүшесітасымалданатын дауыс беру жәшігімен барады.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау үдерісініңқолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясының 2025–2027 жылдарғаарналған бірлескен жол картасы аясында жүргізіліпжатыр.
Қазақстандағы сайлау учаскелерінің басым бөлігіндедауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Abai.kz