Сенбі, 23 Қараша 2024
3383 2 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 11:02

Трампты өкілетін асыра пайдаланды деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы зерттеу жүргізген АҚШ конгресі өкілдер палатасының комитеті 3 желтоқсанда зерттеу қорытындысы туралы есеп жариялады.

Құжатта Трамптың өкілетін асыра пайдаланғаны, сонымен бірге конгрестегі зерттеуге кедергі жасағаны айтылады. Бұл айыптар президентке импичмент жариялауға негіз болуы мүмкін.

Есеп өкілдер палатасының заң комитетіне беріледі. Ол жеке тыңдау өткізіп, импичмент баптарын құрастырып, палатаға дауыс беруге жіберуі тиіс.

Құжат авторлары Трамп қарсыласы демократ Джо Байденге нұқсан келтіру үшін Украинаға қысым жасады деген тұжырым дәлелденді деп есептейді. Олар Украинаға әскери көмек жіберуден бас тартуды Киевке қысым жасау тетігі ретінде қарастырған. Конгресс тыңдауында сөйлеген бірқатар куәгерлердің жауабы Трамп Байден ұлының Украинадағы қызметін зерттеуді қайта қолға алуға күш салды деген тұжырымды дәлелдеген.

Бірақ есепте импичмент баптарын құрастыруға қатысты нақты ұсыныстар айтылмаған. Тіпті Трампқа импичмент жарияланауы тиіс деп нақты жазылмаған.

Республикашылдар және Трамп айыптармен келіспейтінін айтқан. Ақ үй зерттеу есептен гөрі "жатып-ішер блогеррдің сандырағына көбірек ұқсайды" деп мәлімдеген.

АҚШ-та импичмент дауы Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгімесінен соң туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды. Сыншылар Трамп "қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, ықтимал қарсыласына компромат табуға тырысты" деп айыптады. Дональд Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Трамп пен Зеленский арасындағы әңгіме белгілі болғаннан кейін АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар Трампқа "берген сертін бұзғаны үшін" импичмент жариялау процесін бастаған. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Трамптың қысым жасамағанын айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371