Сенбі, 23 Қараша 2024
2894 3 пікір 6 Желтоқсан, 2019 сағат 16:57

«2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі»

2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева айтты.

«Бюджет - бұл қаладағы, ауылдағы, елді мекендегі адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің басты тетігі. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің, өзінің елді мекенінің бюджет қаражатын тиімді бөлу үшін бірдей жауапкершілікке ие», - деді ол.

Сенат төрағасы 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам сомаға субвенция беру жоспарланып отырғанын айтты.

«Субвенция көлемінің өсімі облыстық және қалалық мәслихаттарға, тексеру комиссияларына барынша жоғары талап қояды. Басымдықтар дұрыс таңдап, сапалы жоспарлау қазақстандықтардың өмірін жақсартуда шешуі рөлге ие болады», - деді Дариға Назарбаева.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387