Сенбі, 23 Қараша 2024
2776 0 пікір 9 Желтоқсан, 2019 сағат 11:48

«Мемлекеттік органдар арасында байланыстың болмауы мүгедек жандарға тұрақты проблемаға айналды» 

Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге байланысты жұмыс тобының қорытынды отырысы болды. 

Сенатор Нариман Төреғалиевтың төрағалық етуімен 2,5 айдың ішінде топтың 6 отырысы мен 2 тыңдауы өтті. Осы кезеңде барлығы 80 ұсыныс айтылды. Саралау барысында кейбір ұсыныстар алынып тасталып, кейбірі пысықтауды қажет ететіні айтылды. Уәкілетті органдар қалған ұсыныстарды 2020 жылы заң шығару қызметі аясында қарайтын болады. 

Жұмыс қорытындысы бойынша елімізде оңалту орталықтары жетіспейтіні және ерекше қажеттіліктері бар балаларды диагностикадан ерте өткізу тәртібі толық енгізілмегені анықталды. Мүгедек балалардың қоршаған ортада кедергісіз жүріп-тұруы және білім алуға қол жеткізу мүмкіндіктері өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 

«Талқылау қорытындысы бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы мекемеаралық өзара байланыстың  болмауынан жүйелі сипаттағы күрделі мәселелердің орын алғаны анықталды. Жұмыс тобы заң шығару бастамаларын ілгерілету жөніндегі үнқатысу алаңына айналды. Мүгедек жандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Бірыңғай ұлттық үйлестіруші және кеңесші орган құруды ұсынамыз», - деді Н.Төреғалиев. 

Топ құрамында Парламент Сенатының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әлеуметтік және білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі адамдар  бар. 

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394