Сенбі, 23 Қараша 2024
2439 0 пікір 10 Желтоқсан, 2019 сағат 10:52

Парижде "норманд төрттігі" саммиті өтті. Тараптар тағы кездесуге келісті

Парижде дүйсенбі күні Франция, Германия, Ресей және Украина елдері лидерлерінің қатысуымен "норманд төрттігі" саммиті өтті. Басты тақырып — Украина шығысындағы жанжалды бейбіт түрде шешу.

Елисей сарайында өткен келіссөз ұзаққа созылды. Түнге қарай төрт лидердің бірлесіп баспасөз мәслихатын өткізуімен аяқталды. Ресей президенті Владимир Путин мен 2019 жылдың көктемінде сайланған Украина президенті Владимир Зеленский бірінші рет кездесті.

Тараптар Донбасстағы жағдайды талқылап, 2019 жылдың соңына дейін оқ атпауды қамтамасыз етуге келісті.

Тараптар сонымен бірге тұтқындарды алмастыру мәселесін талқылап, "Қызыл крест" ұйымының қызметкерлеріне оларға жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге келіскен.

Бұдан бөлек мемлекет басшылары кейінгі кездесулерде жікшілдердің бақылауындағы аймақтарда жергілікті сайлаулар өткізу форматын талқылау бойынша келіскен.

Нәтижесінде бірлескен декларация қабылданды.

Барлық лидерлер бұл кездесуді "сенімді қалпына келтіру" үшін маңызды деп атап өтті. Владимир Зеленский мұны бейбітшілікке қадам деп қарауға болады деді. Ол сонымен бірге Путинмен арада пікір келіспеушіліктің болғанын, оны әзірге шешуге мүмкін болмағанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420