Жәмила Жәкішева: «Мені «заложник» қылып ұстап отыр»
26 мамырда тұтқындалған «Қазатомпромның» экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмила Жәкішева онымен әлі жолыға алмаған. ҰҚК ешқандай себепсіз кездесуге рұқсат бермей отыр және оның адвокаттары мен қоғамдық қорғаушыларын да тергеуге қатыстырмай отыр. Сонымен бірге оның отбасына да қысым күшейе түскен.
ҰҚК Жәмила Жәкішеваны жақында тергеуге шақыруы мүмкін. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз хатшысы К.Бекназаров «Республика» газетінің тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. «Тергеушілердің оған қоятын сұрақтары бар» деді ол. Ал Ж.Жәкішева ҰҚК адам құқын көпе-көрнеу аяқ асты етіп отырғанын, отбасына қысым жасалып, күйеуі үшін өзінің кепілдікке алынып отырғанын айтады.
- Жәмила, өткен аптада сізді Қордай кеден бекетінде Бішкекке өткізбей қойыпты. Не үшін?
- Меніңше, бұл - қысым және күйеуімнің үстінен қозғалған іске тікелей қатысты. Мені «заложник» қылып ұстап отыр әрі оған қысым жасап отыр,
26 мамырда тұтқындалған «Қазатомпромның» экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмила Жәкішева онымен әлі жолыға алмаған. ҰҚК ешқандай себепсіз кездесуге рұқсат бермей отыр және оның адвокаттары мен қоғамдық қорғаушыларын да тергеуге қатыстырмай отыр. Сонымен бірге оның отбасына да қысым күшейе түскен.
ҰҚК Жәмила Жәкішеваны жақында тергеуге шақыруы мүмкін. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз хатшысы К.Бекназаров «Республика» газетінің тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. «Тергеушілердің оған қоятын сұрақтары бар» деді ол. Ал Ж.Жәкішева ҰҚК адам құқын көпе-көрнеу аяқ асты етіп отырғанын, отбасына қысым жасалып, күйеуі үшін өзінің кепілдікке алынып отырғанын айтады.
- Жәмила, өткен аптада сізді Қордай кеден бекетінде Бішкекке өткізбей қойыпты. Не үшін?
- Меніңше, бұл - қысым және күйеуімнің үстінен қозғалған іске тікелей қатысты. Мені «заложник» қылып ұстап отыр әрі оған қысым жасап отыр,
Олар мені көргеннен бастап біреулерге телефон соға бастады. Куәлігімді алып қойды. Басқа кабинетке барып, өзара сөйлесе бастады. «Мен не болып жатқанын сұрағанымда, «Күте тұрыңыз, күте тұрыңыз» деді. Сөйтіп, жарты сағаттай тұрдым. Бір мезгілде бастығы келіп, «Сіз шекарадан өте алмайсыз» деді. Оның айтуынша, менің куәлігім жарамсыз болып шықты, компьютер оқымай қойған. Олай болуы мүмкін емес. Осы куәлікпен осы бекеттен 4-5 мамыр күні ғана өткенмін. Жақында Астанаға да осы куәлікпен ұшып барып келдім. Мен осыны айтсам, ол «Мен ештеңе де білмеймін, басқа ештеңе айта алмаймын. Қалай болғанда да бұл куәлікпен өте алмайсыз» деді. «Жарайды, ендеше» деп мен төлқұжатымды бердім. «Төлқұжатымды оқи ма екен?» деп, әдейі компьютерге қарап тұрдым. Ол мониторды өзіне бұрып алып, көлегейлеп, көрсетпей қойды. Сосын бірер минуттан кейін «Сіздің төлқұжатыңыз да жарамсыз, компьютер оқымай тұр» деді мізбақпастан. Бірақ мен компьютерге шыққанын көріп тұрдым. Олар «біз ештеңе білмейміз, төлқұжат бюрсына хабарласыңыз» деді.
15 маусым күні мен не үшін кеденнен өткізбей қойғанын, не болғанын түсіндіру туралы ҰҚК төрағасы А.Шабдарбаевтың атына телефонограмма салдым.
- Келгеннен кейін төлқұжат бюросына бардыңыз ба?
- Бардым. Ондағылар аң-таң болды. Бәрі дұрыс, мұндай болуы тіпті мүмкін емес екенін айтты.
- Бішкекке неге бара жатыр едіңіз?
- Ата-анам сонда тұрады, кішкентай егіз қызым сол жақта каникулда еді. 12 маусым -туған күндері, 10 жасқа толып жатыр. Үш күнге соларға бара жатқанмын.
«Мұхтардан ешқандай хабар жоқ»
- Мұхтардан не хабар бар?
- Ешқандай хабар жоқ. Тек бір рет керек заттарын сұратқан запискасын алдым. Болды.
- Оның ҰҚК тағайындаған адвокаты Игорь Спиридонов сізбен тағы хабарласпады ма?
- Өткен бейсенбі күні (11 маусым- Б.Қ) мен онымен кездестім. Ол шынымен де Мұхтардың адвокаты болып тағайындалған, алдын ала тергеуге қатысу туралы құжаты, рұқсаты бар. Өзі дұрыс адам сияқты, әйтеуір амалсыздан жүрген сияқты. Ол қажет болса, өзім қалаған адвокатқа істі тапсыратынын айтты.
- Мұхтардың денсаулығы қалай? Жалпы, оның қай жері ауырады?
- Спиридонов жағдайы жақсы екенін айтты. Бірақ мен өзім оны көрген жоқпын. Мен қазір сізге медициналық терминдерді айта алмаймын, мидағы қан айналысына қатысты, сосын қан қысымы бар.
«Мұхтардың шетелге кетем деген ойы болған жоқ»
- Соңғы кезде жағдайдың қиын болып кеткені белгілі ғой. Соның бәрін көріп-біліп отырып, Мұхтар елден кетіп қалуға тырысқан жоқ па?
- Жоқ. Иә, ол өзіне қатысты бірдеңе болатынын білді, тексеру болатынын да. Әсіресе Квятковскаяның мәлімдемесінен кейін. Бірақ соған қарамастан ол өзінің адал екеніне сенімді болды. Тұтқындайтындай ештеңе бүлдірген жоқ қой. «Шетелге кетем» деген ойы мүлде болған жоқ.
- «Мұхтар мен Мұхтар Әблязов - институтта бірге оқыған курстас, жақсы дос» дейді. Мұхтар қамалғаннан бері Әблязов хабарласты ма?
- Басқаны білмеймін, мен өзім онымен сөйлескен жоқпын. Мүмкін, ол хабарласқысы келетін шығар, бірдеңе айтқысы келетін шығар, бірақ мен онымен сөйлескен емеспін.
- Әбілязов 2001 жылы да қуғындалды. Ол кезде сіздің отбасыңызға осындай қысым болды ма?
- Жоқ. Ол кезде Мұхтар Әбілязовқа қатысты болды ғой. Бізге ештеңе болған жоқ.
- Мұхтардың туыстары қалай? Қысып, қуғындап жатқан жоқ па?
- Әзір тыныш сияқты. Мамам - жетпістен асқан үлкен адам, қиын, уайымдап отыр. Егер оны қысса, тергеуге сүйрелесе, не айтуға болады?!. Білмеймін...
«Арева», «Тошиба» компаниясы да Жәкішевтікі ме?»
- Өзіңіз білесіз, ҰҚК «Жәкішев Қазақстан уранының 60 пайызын жекешелендіріп алды» деген мәлімдеме жасады. Сіз бұл туралы бұрын білдіңіз бе?
- Менің білетінім, барлық сату-сатып алу мемлекеттік комиссияның рұқсатымен жүзеге асады. Барлығы бекітіледі, қол қойылады, мұны ол жалғыз өзі еш уақытта жасай алмайды. Ол тіпті жеке біреуге бергісі келсе де бере алмайды. Ол туралы құжаттар «Республика» газетінің сайтында жарияланды ғой. Ал Квятковская ханым айтып жүрген келісімдердің біразы «Тошиба», «Арева», «Камека» сияқты атом рыногындағы беделді шетелдік компаниялармен жасалған. Оның ішінде «Росатом» да бар. Сол келісімдердің күшінде қалатынын кеше «Қазатомпромның» вице-президенті С.Яшин де айтты. Сонда олардың бәрі Мұхтар Жәкішевтікі ме? Олардың бәрі коррупциямен байланысты деуге бола ма?
- Соңғы кезде қамаудағы басқа топ-менеджерлердің әйелдері сіздің қасыңыздан көрінбей кетті, сұхбат та бермейді. Олар сізбен хабарласа ма?
- Хабарласып тұрамыз, олар мені қолдап отыр. Олар да өз күйеулерінің жазықсыз қамалғанына наразы. Өзіңіз білесіз, оларды қазір «куә» деп отыр. «Куәларды қорғау» деген желеумен ешқайда жібермейді, ешкіммен сөйлестірмейді. Қысқасы, қамауда отыр. Әрине олардың отбасымен кездесуге рұқсаты бар, бірақ оның өзі анда-санда. Онда да ҰҚК қызметкерлері қасында тұрады. Мұның өзі - заңға қайшы, адам құқын аяқ асты ету. Олар күдікті емес, қылмыскер емес, бірақ қамауда отыр.
- Сіздің адвокаттарыңызға рұқсат бермей қойды. Енді не істейсіз?
- Қолымнан не келеді, соны жасаймын. Өз адвокаттарымызды қосуға күш саламын. Бұл тек менің күйеуіме ғана қатысты емес, басқаларға да қатысты. Өйткені, кез-келген азамат өзін-өзі қорғауға құқы бар. Бұл Конституцияда да, халықаралық пактілерде де жазылған.
Сұхбаттасқан Бақытжан Құсайын.
«Азат» газеті №12(247) 18.06.2009 жыл