Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4954 3 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 11:02

«Самұрық Қазына» қоры сырттан неге соншама көп қарыз алған?!

«Самұрық Қазына» сыртқы қарыздарынан ақырындап құтылып жатыр деген хабар тарады. Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл берешек 650 млн АҚШ долларына қысқарған. Былтыр ұлттық әл-ауқат қоры бірден 4 млрд теңге қарызынан құтылғаны туралы БАҚ беттерінде жазылған.

Десе де қарыздың халықтың мойнына жүк болмай, қайтарыла бастағаны қуантады. «Самұрық Қазына» қорын басқаруға келген соңғы команда қаржылық тұрақтылықты арттырудағы тиімді жұмыстарды көрсете бастады. Сонымен биыл қандай ірі компаниялардың арқасында сыртқы қарыздар қайтарылып жатыр:

• «Қазақстан темір жолы» АҚ 780 млн. доллар көлеміндегі облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген;

• «Қаз Мұнай Газ» АҚ биыл 10 айда 2,6 млрд долларға мұнайға аванс беру бойынша міндеттемелерін төмендеткен;

• «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы 2019 жылы қыркүйекте акцияларын биржаларға орналастырудан 128,2 млн доллар (ол шамамен 50 млрд теңге) қаражат тартқан;

Қор акцияларды сатудан түскен барлық қаражатты 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберген.

Ал сыртқы қарыздардан дер кезінде құтылу дегенде:

* Қорды тиімді басқарудың арқасы;

* Қарыз алу- әлемдік тәжірибеде бар, АҚШ-тың өзі әлемде сыртқы қарыз бойынша алғашқы орында тұр деп өзін-өзі жұбатудан гөрі, дер кезінде қаражатты беру маңызды;

* Сыртқы қарызды уақытында төлеп отыру коммерциялық құрылымдардың тиімді жұмысын көрсетеді;

* Бұрыннан қордаланған қарызды төлеу міндеттемесі аяқсыз қалмайды, оны ұлғайтпаудың механизмдері қарастырылып жатыр;

Жалпы қордың алғашқы дағы берешегі 10 млрд АҚШ долларынан асқан. Ахметжан Есімов келгеннен соң, екі жылдың ішіндн оның 5 млрд долларға жуығы қайтарылыпты. Сонда да осы жерде туындайтын заңды сұрақ: бұл қайдан шыққан қарыз?

Сарапшылардың айтуынша, мұндай қомақты қаражат экономикалық даму көрсеткіштері жақсы кезеңде, мұнай бағасы 100 АҚШ долларынан асып тұрған кезде алынған. Ішкі жағдайды реттеуге мүмкіндік болса тұра сырттан кредитке алынған қап-қап ақшаны енді міне мұнайдың бағасы құлдыраған кезде қайтарып жатыр қазіргі жауаптылар. Ұлттық қордың ақшасы ішкі экономикалық қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті болса да, кредитке құмар үкімет үсті үстіне ақшаны пайызбен ала берген бе?!

Әмірболат Құсайынұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387