Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4401 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 12:10

Нұра Матай. Пікір алаңындағы «ақпаратқа» «Абай.кз» порталының қатысы жоқ (видео)

Жұмаға қарсы интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерде төмендегідей мазмұндағы ақпар тараған еді. (Ақпарды «тілін» бұзбай сол қалпында беріп отырмыз)

«Ертен жума күні сагат 12-де тауелсіздік монументінін жанында улкен митинг болады. Ондагы максат Казакстандагы орыстын шовинистік пигылына тоскауыл койып, озіміздін Улттык муддемізді коргау! «Лад» сиякты экстремистік уйымдарды жаптырып, Казак халкына карсы соз айткандарды будан былай жазасыз калдырмауды талап етеміз. Кузырлы органдар мен акиматтын руксаты бар. Казак ултынын,Казак тілінін мусапір халіне Намыстанатын Казактарды аланда кутеміз! Жастардын ултшыл уйымдары. 10 адамга таратыныз Осыны!»

Дәл осы «жаңалықтың» ізімен көрсетілген уақытта «Республика» алаңындағы «Тәуелсіздік» монументінің түбіне бардық (Алматы қаласы). Азаматтық киімдегі және формадағы бірнеше полицейді кездестірдік. Олар біздің төлқұжатымыздың нөмірін, аты-жөнімізді, қай басылымнан екенімізді үлкен қара қойын дәптерінің орта шенін ашып, жазып алды. Азаматтық киімдегі бұл полицейдің сойы - Жетібаев Талғат екен. (суретте) Оның жанында біртүрлі форма киген, қолына камера ұстаған көзілдірікті, орыс тілді бір қазақ  және бірнеше полицей тиіп-қашып келіп, кетіп жүрді.

Сонымен сағат тілі 12-ге ауғанда әртүрлі БАҚ-тан әріптес - журналистер жинала бастады.

Сәлден кейін мұрты жоқ сақалы бар, сәлделі, ақ шапанды және сықиып кәстүм-шалбар киген екі адам пайда болды. Олардың жанына жеткен полицей алаңда не істеп жүргендерін сұрап еді, сақалды кісі: «Интернеттен осы жерде қазақ тілін қорғауға байланысты жиын өтеді дегенді естіп келдік», деп еді, полицей: «Әкімшілік ешқандай жиынғы рұқсат берген жоқ» деді. Сақалды мен кәстүм киген екі адам жөніне кетті.

Енді кім келер екен деп елеңдеп тұрғанымызда, іздегеніміз көктен емес, жерден табыла кетті. Ұлтшыл азамат Нағашыбай Есмырзаев, (суретте) «Ұлт  тағдыры» қозғалысынан Болат Дүйсембі бастаған бірнеше адам келе қалғаны сол еді, аяқ астынан әкімшіліктің кәстүм киіп, галустук таққан жас қызметкерлері, я көктен, я жерден шыққаны белгісіз бір топ полицей жан-жаққан менмұндалап шыға келді.

Баяғы сол сұрақ: «Алаңға не үшін келдіңіздер?» Ұлттың «есіміз» деп жүрген Есмырзаев бастаған топ интернет кеңістігінде таралған «ақпар» бойыншы келіп қалғандарын айтты. Ал, полицейлер болса, заңға сәйкес қала әкімшілігі ешқандай митингіге рұқсат бермегенін, сондықтан тыныш тарап кету керектігін құлақтарына құйды.

Атышулы «ақпарды» алаңға келген азаматтардың қайдан білгені жөніндегі сауалға жиналғандар ішінен бірнеше адам «Зонакз.нет», «Абай.кз» сайттарымен, «Майл.ру» желісінен көргендерін жеткізді. Бірақ әкімшілік қызметкерлері мен полицейлер аталған «ақпарды» өздерінің қайдан көргендерін айтпай кетті...

Ақыры, Нағашыбай Есмырзаев жиналған журналистерге Мәдениет министрлігі дайындаған «Тіл туралы» заң жобасына және оған қарсы шыққан орыс баспасөзі мен Максим Акимов дейтіннің мақаласы жөніндегі ойларын айтып берді.

Сөйтіп, «Өлгенде көрген бір төбелес  те» тыныш аяқталып келе жатқанда «Руханият - Жасылдар» партиясы төрағасының орынбасары Бешір Жаналтай (суретте) мырза келіп жетті. Ол кісі де «болғанынан боладысы қызық» болған митинг туралы пікірін айтты.

Сөйтіп, әйгілі алаңды артқа тастап, асай-мүсейімізді арқалап бізде қайттық.

Біздіңше, бұл белгісіз адамдардың қазақ қоғамы арасында әлеуметтік желілердің ықпалы мен салмағын аңдап көру мақсатында жасаған дүниесі сықылды. Себебі, әлгі ақпар сайттардың пікір алаңдарына салынған және әлеуметтік желілер арқылы тараған. Әлбетте, митинг өткізушілер әдетте әкімшіліктің рұқсатымен жергілікті билік белгілеп берген жерде ғана өткізеді. Әрі жиылысты ұйымдастырушылардың аты-жөні аталып, мақсаты көрсетіледі. Интернет арқылы тараған  ақпарда ешқандай ұйымның, адамның есімі, атауы атымен жоқ. Сондықтан да алып-қашпа әңгіменің өзегіне  айналды.  Барша жұртқа аян: Ата заңда бейбіт шерулер, жиындар, митингілер өткізуге мемлекет азаматтары құқылы. Алайда, кейін келе шеру, митинг өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуды міндеттейтін заң қосылды. Осылайша, Қазақстандық «демократия» мен «адам құқының» «озық» «үлгісі» жасалды. Содан бері билікке халықтың ой-пікірін айту тәсілі  тек биліктің бұйрығымен ғана жүзеге асатын болды.

Айтпақшы, алаңға келген азғана азаматтың сөздерін естіп, бір шетке үйіріле қалған бір топ жастарды бір полицей ғана барып, «түзу жолға» салғанын көрдік. Арлы-берлі өтіп жатқан елден, алаңдағы көп азаматтардан полицейлік үрей байқадық.

P.S.

Осы оқиғадан кейін редакциямызға телефон шалған әріптес журналистер «Митингіні «Абай.кз» порталы ұйымдастырыпты» деген ақпарат рас па?», деп сұрау салды. «Абай.кз» ақпараттық порталы аталған митингіге ешқандай қатысының жоқтығын ресми түрде мәлімдейді. Митингіге шақырған ақпар түрлі әлеуметтік желілер мен сайттардың пікір алаңында жарияланғанындай «Абай.кз» порталының әртүрлі мақалаларының астындағы пікір алаңына ғана түскенін хабарлаймыз.

«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="345" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371