НАТО басшысы Ресей жастарына үндеу жасады!
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте сәрсенбі күні Киевте Ресей жастарына үндеу жасап. Украинадағы соғыс майданына келсе, өліммен бетпе-бет келуі мүмкін екенін ескертті.
Рютте Путинің Украинадағы соғысты «арнайы әскери операция» деп сипаттап, жаңадан әскерге келгендерге жоғары жалақы беруге уәде еткенін меңзеп: «Біреу сендерге өте нашар келісім ұсынып отыр», - деді.
«Соғысқа барсаңдар – не дүрыстап дайындықтан өтпейсіздер, не болмаса сапасыз құрал-жабдықтарға тап боласыңдар. Сөйтіп қаза табуларың немесе жаралануларың ықтимал. Алда-жалда жаралансаң, саз балшыққа тасталып, азапты өлімді күтесіңдер» деп сөзін жалғады.
Рютте сондай-ақ Мәскеудің Украинада «өте үлкен» шығындарға ұшырап жатқанын, ай сайын 30 000-нан астам ресейлік сарбаз қаза табатынын мәлімдеді.
«Бұл бір айда қаза тапқандар саны 1980 жылдардағы Ауғанстанда онжылда құрбан болғандардың жалпы санынан асып түсетінін көрсетеді» деді.
Ресей билігі ұзақ уақыт бойы НАТО-ның қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан бері үздіксіз кеңеюі және Украинаның одаққа қосылуға ниеті Ресейдің өмір сүруіне қауіп төндіреді деп мәлімдеп келеді.
Марк Рюттенің Киевке сапары Ресейдің соңғы апталарда Украинаға, әсіресе Киев пен оның айналасындағы аймаққа қарсы шабуылдарын күшейткен кезге тура келді.
НАТО Бас хатшысы Киевте төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыстың «баяулау белгілері жоқ» екенін атап өтті. Ол Украинаның өз позициясын сақтап, инновациялар енгізіп, шайқас алаңында жеңістерге жеткен сайын Ресейдің үміті үзіліп бара жатқанын атап өтті.
Рютте санымен бірге «Киевте Украинаның шайқас алаңындағы жағдайды қалай өзгерте алатынын талқылағанын» ашық айтты. Ол: «Менің ойымша, Украина майдан шебінде де, соғысты жалғастыруға қажетті кейбір негізгі мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде де көбірек табыстарға жетіп келеді», - деп атап өтті.
НАТО Әскери комитетінің төрағасы, итальяндық адмирал Джузеппе Каво Драгоне НАТО Бас хатшысына серік болып Киевке бірге келді.
Сәрсенбі күні таңертең, «Орыс Давос» экономикалық форумының ашылу күні, украиналық дрондар Санкт-Петербургтегі энергетикалық және әскери нысандарға шабуыл жасады.
Оның алдында ресейлік дрондар мен зымырандар Киевке және Украинаның шығыс-орталық бөлігіндегі Днепропетров өнеркәсіптік қаласына ауқымды шабуыл жасап, 23 адамның өмірін қиды.
Украина президенті Зеленский НАТО-ға мүше елдерден әуе қорғаныс жүйелеріне, әсіресе АҚШ-тың Patriot зымыран жүйесіне көбірек оқ-дәрі беруді сұрады — бұл қаруларды Киев Ресейдің баллистикалық зымыран шабуылдарына қарсы тұруда маңызды деп санайды.
Abai.kz