Трюдо авиалайнер байқаусызда атып түсірілуі мүмкін екенін айтты.
"Украина халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі ұшақ 8 қарашада таңға жуық Иран астанасы Тегераннан Киевтен ұшып шығар кезде құлап түсті. Борттағы 176 адамның бәрі мерт болған. Қаза болғандардың арасында 63 Канада азаматы бар. Олардың көбі университет пен колледж студенттері мен мұғалімдері болған.
Трюдо бұл оқиғаны өте мұқият зерттеу керек екенін атап өтті.
Осыған дейін америкалық басылымдар АҚШ өкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, ұшақ иран зымыраны тарабынан байқаусызда атып түсірілгенін жазған. Ал Иран бұл мәліметті "абсурд" деп атаған.
Abai.kz