Сенбі, 23 Қараша 2024
2332 0 пікір 14 Қаңтар, 2020 сағат 11:04

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара бойынша келіссөз жүргізеді

14 қаңтарда қырғыз жерімен шекаралас тәжіктің Исфар қаласында екі елдің вице-премьерлері Азим Иброхим мен Жениш Разаковтың жетекшілік етуімен келіссөз өтеді.

Аталған аймақта 10 қаңтарға қараған түні екі ел тұрғындары арасында жанжал шыққан. Бір-біріне тас лақтырып, оқ отуға дейін барған.

Тәжікстан вице-премьері Азим Иброхим қырғыз әріптестерімен кездесу кезінде ең бірінші шекарадағы жанжал талқыланады деді. "Екі тарап та кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс. Мәселелер келіссөз арқылы шешілуі тиіс. Алда мұндай оқиғаның қайталуына жол берілмеуі тиіс», - деді Азим Иброхим.

13 қаңтарда шекарадағы мәселені Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те құқық қорғау органдарымен арнайы жиналыс өткізіп, талқылаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502