Қазақ әнінің Құлагері Мыңжасар Маңғытаев дүниеден озды
Бүгін - қазақ ән өнерін өрге сүйреген әйгілі композитор Мыңжасар Маңғытаевты қара ормандай қалың елі қазағы соңғы сапарға шығарып салды.
Қазақтың классикалық әнін биікке самғатқан Мыңжасар Маңғытаев бар өмірін өнерге арнап, сол жолда қазақ өнері мен мәдениетінің тарихында өшпестей жазылып һәм тыңдармандарының жүрегінде жатталып қалған шоқтығы биік, кесек туындылар жазып қалдырды.
74 жасқа қараған шағында келмес сапарға аттанған талантты композитор, халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мыңжасар Маңғытаевтың ұлттық бояуы қанық музыкалық туындылары қазақ жанын мәңгілікке тербетіп тұра берері хақ.
"Абай.кз" ақпараттық порталы композитордың отбасына, ағайын-туысына және барша қазаққа қайғырып, көңіл айтады.

"Абай-ақпарат"
Маңғытаев Мыңжасар, композитор. 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық бояулы мәнеріне вокалдық және халықтық аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында , әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...» өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің «Қараторғай» әніне жазған вариациялары мен «Арман»атты симфониялық поэмасында, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісіне жазған симфониясы мен "До-мажор" симфониясында, "Қозы «Көрпеш-Баян сұлу», «Ақтолғай» симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған «Көктем» поэмасы мен «Концерттік күй», «Ырғақты», «Төгілмелі» атты күйлері, төрт бөлімді «Аққудың айрылуы» деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. «Қаратау әуендері», «Дала дауысы», «Жайлауда» хор поэмалары мен хор сюиталары, «Ауыл тойы», «Елім менің» вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. «Ақан сері - Ақтоқты», «Сталинге хат», «Неке қияр», «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдеріне, «Бәйшешек», «Көкжиек» кинофильмдері мен Қ.Сәтбаев туралы деректі фильмге, «Қожанасыр сәулетші», «Әулие есек», «Үш түлек» т.б. мультфильмдерге музыка жазған.
Еңбек жолын Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің өнер басқармасында аға инспектор болып бастады. Одан кейін Қазақстан Композиторлар одағының жауапты хатшысы, «Жазушы» баспасы өнер және музыка редакциясының бас редакторы қызметінде болды. Бертін келе Алматы облыстық музыка қоғамына төрағалық етіп, Композиторлар одағы төрағасының бас кеңесшісі қызметін атқарды.
«Абай-ақпарат»