Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2676 0 пікір 12 Қыркүйек, 2011 сағат 05:41

Мұхтар Шерім. Министрдің баласы пәле болды...

Құдай қолымды қысып, арқамнан қақты ғой деймін, баратын жерге бара беріп, қысқасы пара беріп, Май инспекторы болып шыға келдім! Форма маған құйып қойғандай, қызыл-ала таяғымды шыр айналдырып, көшеде кісі болып тұрмын... Шәпкімді басыма киіп қайтемін,  қайыршылар сияқты  машинамның үстіне «шалқасынан жатқызып» қойып едім, шопырлар «құтты болсын!» айтып, әп-сәтте ішін ақшаға толтырып тастады... Рахат екен... Тыриған арық едім, бір айдың ішінде машинамның есігіне әрең сиямын... Ықылық атып тұрып ысқырсам, теңге, ышқынып ысқырсам, доллар! Осылай  «осқырынып» тұрғанымда, алыстан «билеп» келе жатқан қара сүліктей  «Джипті» көрдім. Жан ұшыра ышқына ысқырып, алдынан шықтым. Тоқтайды ма десем, жалп еткізіп, жатқызып кетті... Тағы да болса, өзім етпетімнен жата кетіп, аман қалдым. «Джиптен» түскен  қара көзілдірікті боқмұрын бала жаныма келді. Сағыз шайнап тұр.

-  Братан, тірісіз бе? -деп сұрады ол.

- Тірімін... нарушение жасадыңыз... куәлігіңіз...

- Менде куәлік жоқ.

- Как куәлік жоқ?

- Папамда.

- Папаң қайда істейді?

-Папам министр.

Қандай министр екенін айтпай-ақ қояйын, «осы күніме зар болып қалар­мын» деген оймен «честь» беріп шығарып салдым. Құтылғаныма құдайға шүкір айтып тұрғанмын, жаңағы министрдің баласы қайта айналып келгені. Өтірік ыржидым. Ол жаныма келді.

- Неменеңе жетісіп ыржиясың?-деп сұрады ол.

- Мен туылғаннан осындаймын...

- Екі жүз доллар қарыз бере тұршы...

- Менде ақша жоқ.... Доллар дегенді өмірімде көрген емеспін...

- Қумасай!

- Інішек, ішіп алыпсыз, үйіңізге барып, екі аяғыңызды аспанға көтеріп демал­ыңыз...

- Неге екі аяқты?

- Ойнап айтып қалдым...

- Неге ойнайсың? Министрдің баласымен ойнайтын сен кімсің?

- Кешіріңіз, маған асылмаңызшы...

- Асылсам ше?

- Сізге машинаны ішіп айдауға болмайды. Министрдің баласы екенсіз...

- Министрдің баласы адам емес пе?

- Сіздер жоғары сортты адамсыздар...

- Халық ше?

- Олар... олар...

- Олар адам еместер!

- Кім айтты?

- Папам айтты...

- Папаң далбасалай береді... ойбай, кешір інішек, мен далбасалап тұрмын.

- Жиған ақшаңнан  «шотал» бер...

- Мен ақша алмайтын майшникпін...

- Жаның шықсын!-деген ол қалтамды қарап, жиғанымды сыпырып алды... Ыржиып қала бердім... Ол кеткен соң, ызам келіп, аспанда ұшып бара жатқан ұшақты да тоқтатқым келіп кетті. Мені көріп, жәй жүріп келе жатқан машина­лар­ды бірінен соң бірін тоқтата бастадым.

- Неге жәй жүріп келе жатырсыз? -деймін.

- Сізді көріп...

- Не, мен сендерге сұм, жексұрын, албастымын ба?

- Жоға... Сіз құрметті, қайырымды, адал адамсыз...

- Машинаңның рулі неге домалақ?

- Енді... төрт бұрышты рөл болмайды ғой...

- Олай болса, төрт бұрышты теңгеңді тастап кет...

Міне, осылай ақша жинап тұрғанымда, министрдің баласы машинасымен құйғытып келе жатыр екен. Машинама отыра салып қаштым. Ол қуып кеп берді... Амал жоқ, тоқтадым. Министрдің баласы жаныма келді.

- Нарушение... Куәлігіңізді көрсетіңіз,- деді ол.

- Мен мемлекеттік қызметте жүрмін...

- Кешіріңіз, қызылға өтіп кеттіңіз...

- Жәйша жүрсіз бе?-деп ыржидым мен. Министрдің баласы арқамнан қақты.

- Сен еркексің ғой?

- Еркекпін деп жүрмін...

- Еркек  болсаң,  папама ештеңе айтпашы...

- Айтпаймын...

- Жарайсың, братан!-деген ол мені қапсыра құшақтап, бетімді былжырата сүйіп қоштасты... Қимаған болып тұрмын... Министрдің баласы бір пәле болды... Дереу протокол толтырайын десем, майшниктің шәпкісін киіп жүргенім, әкем танитын  министрдің  арқасы ғой...  «Халық адам емес дейді... Халықтың арқасы, ышқына ысқырып жүргеніміз...»

Ойланып кетсем керек, біреу иығымнан түртеді. Жалт қарасам... жалт қарасам, министрдің баласы...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502