Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2091 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 09:36

Өркен КЕНЖЕБЕКОВ. Қосбасты бүркіт қорқынышы

Батыс пен Шығысқа мойнын теңдей бұрып, зәһарлы тілін сумаңдатып тұрған қосбасты бүркіт - қазіргі Ресей символикасы. Бұл тек елтаңбадағы жай ғана бедер емес. Қосбасты бүркіт қашаннан «орыс аюының» ойын, пиғыл-мақсатын түзеп отырды. Сеңбесеңіздер, осы белгінің алғаш рет 1497 жылы, яғни орыстың орталықтандырылған мемлекетін құру кезеңінде пайда болғанын ескеріңіз. Яки, сол кездегі креатив иелерінің ойына келсек, бұл - Батысқа да, Шығысқа да түбінде билігін жүргізетін империялық үстем саясаттың сұлбасы еді. Расында, XV ғасырдан бастап-ақ, «талпақ танаумен» бірге тамақ ішіп, қотырын тыр-тыр қасып жүрген орыс ағайын Мәскеу княздігіне жақын көршілерін өзіне қосып ала бастады. Одан әрі Орал, Сібір, қала берді Кіндік Азия, Қиыр Шығыс... XXI ғасыр. Тап осы саясатынан танбаған Ресей Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін танып жіберіп, оны «заңды енесі» - Грузияның емешегінен ажыратты.

Енді міне... Ресей басшысы Дмитрий Медведев «Ел мүддесіне қайшы тарихты бұрмалаушылық әрекеттермен күрес жөніндегі комиссияны құру» туралы жарлыққа мөрін басты, қолын қойды. Әрине, базбіреу бұл комиссияның ақпарат-насихаттық жұмыспен айналысатынын алға тартатын шығар. Әйтсе де, бұл қадамнан төнер қауіп те жоқ емес. Мысалға, кезінде Кеңестер Одағының шаңырағына уығын шаншысқан қазақ, украин, белорусь елдерінде болған  этноцид, аштық, репрессия секілді нәубеттерге тәуелсіз баға беріліп, тарихымызды ұлттық тұрғыдан қайта саралау әрекеттеріне комиссия салқыны тиюі мүмкін. Қалай, қандай жолмен? Бұл жағынан әзірге беймағлұмбыз. Бірақ... осы жерден тарих беттерін қайта шолып өтсек. Айталық, 1950 жылы, Ұлы Отан соғысынан енді-енді ғана есін жиып келе жатқан елде Иосиф Сталин алапат қоғамдық пікірталас ұйымдастырды. Тіл біліміне марксистік көзқараспен қарау мәселесі талқыға түсті. Сонда «мұндай әңгіменің азып-тозған әлеуметке не берері бар?» деп, шетелдік сарапшылар басын ұстаған.

Ал, 1930 жылдары Сталиннің өкімімен большевистік революция, қызыл террор мен азаматтық соғыстың тарихы қайта жазылғаны белгілі. «Күнкөсемнің» жалғыз мұрагері - Сталин екендігіне ешкім шүбә келтірмесін деп, «ВКП(б) қысқаша курсы» да қайта жазылып шықты. Мына бір оқиға тарихты бұрмалау ісінде Сталиннің қаншалықты құрбандыққа барғанын тағы бір әйгілесе керек. 1934 жылы Сталиннің құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жан досы Авель Енукидзе «Кавказдағы жасырын баспахана» атты кітабын жарыққа шығарды. Бұл еңбек «Сталиннің баспа ісіне сіңірген еңбегін кемітіп көрсетті» деп бағаланып, Енукидзеге сыйлық ретінде «халық жауы» деген атақ пен қорғасын оқ бұйырады. Тіпті, Сергей Эйзенштейннің «Қаһарлы Иван» фильмінің жалғасын түсіруіне тыйым салынуы, Дмитрий Шостаковичтің, Анна Ахматованың жаңа шығармаларына жандайшап сыншылардың жала жауып, оларды халыққа жеккөрінішті көрсетуі де - тарихты тұма қалпында көрсетуге жасалған қарсылық-тұғын.

Қарап отырсаңыздар, қазіргі Медведевтің тарихты бұрмалауға қарсы «тотемі» мен сүйегі қураған Сталиннің іс-қимылы - екеуі де бір нәрсе болатын. Айырма - уақытта, оны орындаушы авторда демесеңіз. Қисынға салсақ, аталған комиссия Ресей (кеңес) тарихындағы екіұштылау, даулы мәселелердің қайта қаралуына, қалыптасқан стереотиптердің бұзылуына кеудесімен тосқауыл қоймақ. Мысалы, Кеңестер Одағы мен Германияның арасындағы Молотов-Риббентроп пактісі жайлы, не болмаса Кеңестер Одағының ІІ Дүниежүзілік соғыс бітісімен бүткіл Шығыс Еуропаның бойында репрессивті қуыршақ режимдерді қолдағаны туралы енді жақ ашуға болмайды. Бір жағынан, Медведевтің тарих ғылымын «тәртіпке салудағы» қадамы «КСРО-ның бұрынғы республикаларында - тәуелсіз елдердің территорияларында ұлтшылдықтың, ұлтшыл қылмыскерлердің қайта жаңғыруына қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасының шығуымен де байланыстыруға болады. Аталған заң жобасы бойынша, ресейлік және шетелдік азаматтарды 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады-мыс. Әйткенмен, Ресей билігі қайбір оқулықтардағы Сталинді «іскер менеджер» болды, ал 1930-1950 жылдардағы жаппай қуғын-сүргінді ел алдында тұрған экономикалық, қорғаныс мәселелерін шешудің жалғыз жолы болды деген «қателіктерге» қалай қарар екен? Әлде, қанша жерден бұрмалану болсын, «кеңестік тарихтың» бір қарпін болсын түзеуге мәскеулік идеологтар арланып отыр ма екен?

Кезінде Владимир Путин КСРО-ның құлауын «ХХ ғасырдың ең ұлы геосаяси апаты» деп бағалаған-ды. Қазіргі шешіміне қарасаң, оның ізбасары тарих саласындағы теориясын нақтылай іс-әрекетке ұштастырмақ ниетте екенін танытты. Осының өзі Кремль қабырғасындағы Путин факторының әлі де пәрменділігін айғақтаса керек.

«Жас қазақ» газеті, №24, 19.06.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5542