Сенбі, 23 Қараша 2024
2850 0 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 12:48

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі мәлімдеді.

"Бізде Нұр-Сұлтан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Ол әділет басқармасының тіркеуінен өтті, қазіргі уақытта алты өңірде ТЖ комиссияларының отырысы дайындалып жатыр. Бірінші кезекте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары. Ол жерлерде елді мекендерге қатынау мүмкіндігінің қиындауына байланысты ТЖ жарияланады.

ТЖ жариялау себебі - өмір сүру мүмкіндіктерінің қиындауы, адамдарды тұрғылықты жеріне және жұмыс орнына дер кезінде жеткізу, сондай-ақ азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесі", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Ал осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен құзырлы органдар қала тұрғындарына үндеу жариялаған. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов, ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов және қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ЖОО-лар мен орта білім мекемелерінде сабақтар өтпейтінін хабарлаған. Ал бизнес-құрылымдар мен жекелегене ұйымдарға, мекемелерге жұмыс күнін қысқартуды, сондай-ақ қауіпсіздік үшін қоғамдық көліктермен жүруді, аса мұқтаждық болмаған жағдайда ешқайда шықпауды сұраған.

;feature=emb_title

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404