Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3835 19 пікір 3 Ақпан, 2020 сағат 13:10

АҚШ-тың мемхатшысын күтіп алуға барғандарда ешқандай этика жоқ

2006 жылы президентіміздің өзі бекіткен протокол бар: сол құжатта кімді қалай күтіп алу керектігі, оған кімдер қатысатыны, қонақты қалай шығарып салу керектігі ұсақ-түйегіне дейін жан-жақты жазылған.

АҚШ-тың мемхатшысын күтіп алуға барғандардың қалай киінгенін бәрі көрді. Ешқандай этика жоқ, Американың мемлекеттік хатшысы қайдағы бір артта қалған мешеу мемлекетке келгендей аңырап қалыпты. Біздің ауылда көшеге шыққандардың өзі бүйтіп киінбейді. Ресейден біреу келсе шыттай киініп барады да, сонау жерден келген құрметті қонақты жақсылап күтіп алуға жараған жоқ.

Әрбірден кейін Америкаң іргеңдегі Қытай мен Ресейдің өзін ықтыратын алып держава. Бүкіл Ресейдің бюджеті бір Нью-Йорктың бюджетіне жетпейді. Американың қандай қуатты ел екенін енді өзің ойлап қара! Биылғысын білмеймін, 2016 жылы Нью-Йорктың ішкі жалпы өнімі 1 трлн 275 млрд 137 млн доллар болса, Ресейдің сол кездегі барлық ішкі жалпы өнімі 1 трлн 283 млрд долларға әрең жеткен болатын.

Тоқаев мырза үлкен диломат ретінде протоколға қалай болса солай қараған министрге сол үшін сөгіс беруі керек еді. Ешкімнің ескертпегеніне қарағанда, бұл дегенің аты дардай мекемеде дипломатияның жөн-жосығын мүлдем білмейтін сауатсыз кадрлар жұмыс істеп жүр деген сөз!

Жолымбет Мәкіштің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364