Министр: Зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылмайды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11-бабы бойынша, әйелдер үшін зейнет жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріліп отырады.
Ол бойынша әйелдер:
2018 жылғы 1 қаңтардан - 58,5 жасқа толғанда,
2019 жылғы 1 қаңтардан - 59 жасқа толғанда,
2020 жылғы 1 қаңтардан - 59,5 жасқа толғанда,
2021 жылғы 1 қаңтардан - 60 жасқа толғанда,
2022 жылғы 1 қаңтардан - 60,5 жасқа толғанда,
2023 жылғы 1 қаңтардан - 61 жасқа толғанда,
2024 жылғы 1 қаңтардан - 61,5 жасқа толғанда,
2025 жылғы 1 қаңтардан - 62 жасқа толғанда,
2026 жылғы 1 қаңтардан - 62,5 жасқа толғанда,
2027 жылғы 1 қаңтардан - 63 жасқа толғанда зейнетке шығады.
Abai.kz