Амангелді Кеңшілікұлы. Тағдырмен бетпе-бет
...так кто ж ты, наконец?
- Я - часть той силы,
что вечно хочет
зла и вечно совершает благо.
Гете, Фауст.
Флоренцияның ұлттық музейінде Италияның ұлы перзенті, Ренессанс дәуірінің аса көрнекті өкілі Микеланджелоның «Жеңімпаз» деп аталатын мәрмар тастан қашалған мүсіні бар. Дене бітімі керім, аласа маңдайының алдында бұйра шәші желбіреген жалаңаш жігіт, басы салбырап, өлімге мойынсынған жауын тізесімен басып тұр. Бірақ жеңімпаз кезінде қанын ішкісі келген дұшпанына енді көзінің қиығын да салғысы келмей, оны өлтіруге да асыға қоймайды. Өйткені осыдан әрі қарай оны бұл жеңістің ләззаты қанағаттандырмайды да.
Саябақта орнатылған Мұқағали ескерткішінің алдына келгенімде менің ойыма Микеланджелоның «Жеңімпазы» оралды. Уақыт таразысымен өлшесек араларында талай ғасырлық алшақтық жатқан, көңіліңе алуан-алуан ой тағалайтын екі ескерткіштің рухани үйлесімінде бірін-бірі толықтырып тұрған үндестік бар.
Жалған дүниенің ауыр бейнетінен құтылған Мұқағали да мына өмірге бейқам қарап, кеудесінің қоңыр күмбірін тыңдап, саябақтағы жайқалған ағаштардың ортасында, өмірінде зәру болған жеңістің бәріне түк мән бермей, түпсіз терең ойының түйінін шеше алмай, қабағы түксиіп, салқын тұнжырайды.

Енді ақынға бәрібір. Ол - жеңімпаз. Тіпті, әлдекімдердің сойылын соғып ақынның жүрегін жаралағандар да уақытында қателескендерін мойындап, рухынан кешірім сұрап, оны мақтап мақала жазып, жыр алыбының сыртынан талай қауесетті қарша боратқан дұшпандарына дейін жамырап Мұқағали туралы естелік айтып үлгірді.
Аруағын разы қылу үшін, жүгіріп жүріп, көзі тірісінде көре алмаған атақ-даңқтың бәрін ақынға алып бердік. Кітаптары том-том болып басылып шығып жатыр. Ең бастысы ақынның жырлары халықтың жүрегінің төрінен ойып тұрып орнын алды. Бір сөзбен айтқанда Мұқағали ұлттық мақтанышымызға айналды. Енді Мұқағали туралы шын ниетпен де, тіпті, қызғанышпен айтылған сөздер де тек ақынның мерейін биіктете түспек.
Осыдан артық ақынға қандай жеңіс керек? Шаттанып, жеңістің қуанышынан басың айналатын бақытты сәт осы емес пе? Алайда рухы мүлде бөлек жеңісті күткендей болған ескерткіш Мұқағали басқа бір ойлы дүниенің тұманына оранып, мұңаятын секілді. Не ойлап отыр екен, ол?
Бала күнінде қырында ойнақ салған, өмірдің боранындағы адасқан шақтарында түсіне жиі-жиі кірген ауылын ойлай ма? Әлде тағдыр деген асауға ауыздықсыз мініп, қор болған жылдарын есіне алып, өкініп отыр ма екен? Немесе, мына өмірді өтпейтіндей көріп, адамгершіліктің сәулесін ұмытқан пенделерге әлі күнге дейін жаның ашып, қамығып отырсың ба, абызым?
Неге үндемейсің? Жазылмай қалған жырларың мен айтылмай кеткен сырларыңның сандығын ашып, көңіліңді жасытқан кедейліктен серпіліп, өмірімнің өліарасында менімен бір мезгіл сөйлесіп, жүрегімнің қайғысын тыңдашы. Мен де сенің ескерткішіңнің алдына жетіскеннен келіп тұрған жоқпын, аяулым. Өмірдің аязынан жаурап, рухсыз қоғамнан жалығып, мына жалған дүниеден сырласуға тұратын бір адам таба алмағандықтан келдім, қасыңа.
Неғылған ой жаншып тұрған мұншама,
Нені аңсаймын,
Кімге барып, мұң шағам?!
Әуре ететін әлде жырым, сенбісің?
Әлекке сап, әр нәрсеге жұмсаған?!
Не көксеймін?!
Неге мұнша жалықтым?!
Әлде өмірді енді білдім, жаңа ұқтым?
Қолың жетпес қуатыңа құмар қып,
Әурелеген әлде сен бе, жарық күн?!
Аңғал, ақыным-ай! Неге сонша асықтың бақи дүниеге? Тағдырдың шылбырына сүйретіліп өлген аянышты өліміңмен кімге, нені дәлелдемек болдың? Өзіңді шын сүйетін жандардың жүрегін жаралап, жанын жылатқаннан басқа, сен бұл өліміңмен ештеңені де дәлелдей алған жоқсың - қатігез заманға.
Қайта сен кеткен соң зұлым заман онан сайын ызғарын төгіп, қаһарына мініп, қабағынан қар жауып, қатулана түсіп, жанымызды тоңдырды. Нағыз ақындардың бәрін сұм ажал әлі де баяғыдай қырықтың қырқасынан аса салысымен өлтіріп жатыр. Тағдырыңды қайталап, қаншама ақын қыршыннан қиылып, артыңнан кетті. Сенің жаның олардың Рухымен ендігі қауышқан да болар.
Тасбауыр заман халықты аямақ түгіл, қайта оларды бұрынғыдан бетер жаншып, сүліктей сорып, рухын сындырып, аздырып-тоздырып бітті. Тәуелсіздік алып, азаттықтың таңы ата ма дегенімізде, барлығы керісінше болып құлдықтың қамыты мойнымызға киіліп, армандарымыз суалып, жанымыз қуарып, жүрегіміз тозып, ұятсыздықтың дауылы қоғамымызды долы желдің айдауына түскен ұлпа қардай ұшырып әкетіп барады. Өңшең надан, иманнан безген, қазақтың қанын қанша ішсе де тоймайтын, қанша езсе да айызы қанбайтын, байлығын тонаған сайын араны ашыла түсетін қоғамның жалмауыздарымен күресетін дәрмен де қалмады кеудемізде. Қалай күресеміз? Аяғымызда - құлдықтың шынжыры, қолымызда - құлдықтың кісені.
Жалғасы бар
«Абай-ақпарат»