Сенбі, 23 Қараша 2024
Африкалықтың арманы... 3511 5 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 11:18

Дубайдағы ЭКСПО-ға қатысу үшін 8,8 млрд теңге жұмсаймыз

Өткенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткенін білесіздер. Онда премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылдың қорытынды есебін оқып, 2020 жылға деген жоспарлары туралы егжей-тегжейлі баяндаған.  

Мамин мырза өткен жылы халық табысы 5,5%-ға, ЖІӨ 4,5%-ға өсті деп сөйлеген. Ал, өсімнің негізгі драйверлері құрылыс, сауда, көлік және өнеркәсіп салалары деп көрсеткен. Сондай-ақ, Үкіметбасы бес жылда білім саласына 11,5 трлн теңге жұмсалатынын, ал 2020-2025 жылдары аймақтарды дамытуға 1,3 трлн теңге бөлінетінін айтты.

Сонымен, Forbes.kz сайты Үкіметтің жоспарындағы миллиардтаған теңгенің қайда жұмсалғанын һәм жұмсалатынын есептеп шығыпты. Біле жүріңіздер:

$700 млн - 2016-2019 жылдардағы "Қашаған" жобасын іске асырудан түскен кіріс,

12% - Авиабилеттердің ішкі бағыттағы орташа бағасы 12%-ға төмендеді,

55 млрд теңге - Алматы метросына 2020-2022 жылдары 55 миллиард теңге бөлу жоспарланған,

$2,8 млрд - Зейнетақы активтерінің 2,8 миллиард доллары басқарушы шетелдік компанияларға аударылады,

$2,1 млрд - Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық техника құрастыру зауытын салуға 2,1млрд доллар жұмсалады,

11,5 трлн теңге - Алдағы бес жылда білім саласына 11,5 трлн теңге жұмсалады.

8,8 млрд теңге - Қазақстан Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне қатысу үшін бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлінді,

1,3 трлн теңге - 2020-2025 жылдары аймақтардың ахуалын жақсартуға 1,3 трлн теңге бөлу жоспарланған,

10 млрд тенге - 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін қолдауға жыл сайын 10 млрд теңге бөлінеді,

20 млрд теңге - Алдын-ала болжам бойынша, Шымкентте Диснейленд құрылысын салуға 20 миллиард теңге жұмсаулы мүмкін,

400 млн теңге - Алматы облысында дәрілік шөптерді өңдейтін зауыт салуға 400 миллион теңге инвестиция тартылады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367