Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3946 0 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 16:02

Нұр-Мүбарак университетінің студенттері білімдерін Түркияда жалғастыруда

Нұр-Мүбарак университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы
бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі
қарастырылған.

Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның Чорум қаласында
орналасқан Хитит университетінде 5 студент білім алуда.

«Исламтану» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының 2019-
2020 оқу жылындағы екінші семестрін жалғастырған студенттерді Хитит
университетінің ректоры доктор, профессор Али Осман Өзтүрік қабылдады.

Кездесу барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне
жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл
бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты
нығайтады», – деді.

Кездесу соңында университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар табыстады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364