Еден жуып жүрген кісілер неге елеусіз қалады?
Неге бізде "Үздік еден жуушы, егінші, мал бағушы, күзетші" деген секілді марапаттар жоқ? Мәселен, 8-наурыз халықаралық қыз-келіншектер мейрамы келгенде кез келген білім ордасында басшылықта қызмет етіп жүрген әйел-апайлар не болмаса, жарыстарға бала апарып, бір жапырақ қағаз алып келген мұғалімдер марапатталады. Ал сол мектептің еденін жуып жүрген тазалыққа жауапты кісілер елеусіз қалады. Неге олай?
Осы уақытқа дейін бірде-бір еден жуушы апаның мемлекеттік мереке қарсаңында сахнада аты аталып, үлкен қошеметпен марапатталғанын көрмеппін. Сіз ше, көрдіңіз бе?
Шапағат Сердәлінің әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz