Қытаймен шекаралас (жалпы шекара көлемі 1 800 шақырымды құрайды) Қазақстанда әзірге вирус жұқтырғандар жөнінде оқиға жоқ. Бірақ Қытайға оралған ондаған қазақстандық карантинде.
«Біз маска өндірушілер мен жеткізушілердің этикаға сай емес әрекеттер жасағанын атап өткіміз келеді. Олар маскаларды Қытайға шығарып сатқан. Сол себептен үкімет маска экспортына тыйым салды», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Соңғы мәлімет бойынша Қытайда коронавирустан 563 адам қаза тапқан. 28 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған. Аталған вирустан тағы екі адам - Гонконгте және Филиппинде қаза тапты.
Abai.kz