Павлодардағы жалпы режимдегі түрмеде азаптау салдарынан қайтыс болған 44 жастағы дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовтің бауыры қылмыстық істегі "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабын "кісі өлтіру" айыбына алмастыруды соттан сұрады.
Прокурор сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды өтінді. Соттың келесі отырысы 6 ақпанға белгіленді.
Павлодар қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты 2019 жылы 4 қыркүйекте колониядағы азаптауға қатысты іс бойынша 14 адамды бес жылдан жеті жылға дейін соттады.
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Қазақстан билігінен түрмелердегі азаптауға жол бермеуін бірнеше мәрте сұраған.
Abai.kz