Марат Айтиев. Қазақстанның ыстық нүктесі немесе жұмыссыз жүз күн
Республикалық басылымдардың кейбірін оқып отырып, Маңғыстау облысының табалдырығын аттамас бұрын жеке бас қауіпсіздігін сақадай сай ету дұрыс деген ойда қаласыз. Шындығында Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай селқос қана.
Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтауға тырысты.
Көтеру үшін жұмыстан босату керек!
Жұмысшылардың жазғырулары мен даттары бұрыннан белгілі болғандықтан, біз «ҚазМұнайГаз» пікірін білмекке бел будық. Басшылық бізбен баспасөз қызметі арқылы тілқатысуға келісті.
- «Қаражамбасмұнай» (ары қарай - ҚЖМ) мен «Өзенмұнайгаз» (ары қарай - ӨМГ) арасында неліктен жалақы айырмасы бар?
Республикалық басылымдардың кейбірін оқып отырып, Маңғыстау облысының табалдырығын аттамас бұрын жеке бас қауіпсіздігін сақадай сай ету дұрыс деген ойда қаласыз. Шындығында Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай селқос қана.
Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтауға тырысты.
Көтеру үшін жұмыстан босату керек!
Жұмысшылардың жазғырулары мен даттары бұрыннан белгілі болғандықтан, біз «ҚазМұнайГаз» пікірін білмекке бел будық. Басшылық бізбен баспасөз қызметі арқылы тілқатысуға келісті.
- «Қаражамбасмұнай» (ары қарай - ҚЖМ) мен «Өзенмұнайгаз» (ары қарай - ӨМГ) арасында неліктен жалақы айырмасы бар?
- Жобалар экономикасы мен бұл объектілердегі жұмыс принциптері мүлде өзгеше. 9 мың жұмысшы күші бар «Өзенмұнайгаз» жылына 6 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлайды, ал 4,6 мың жұмысшы күші бар ҚЖМ мұнайы әлдеқайда тұтқыр болғандықтан, жылына 1,98 млн тоннаны жоспарлайды. Бұған қоса ҚЖМ-дағы жұмыс әдісі вахталық, жұмысшылар вахтаға екі аптаға келеді, Мұнда оларды ыстық тамақпен, тұрмыстық жағдаймен, транспортпен қамтамасыз етеді (бұл - компания үшін қосымша шығындар), қалған екі аптада жұмысшылар демалады. Яғни олар жалақыны екі апта үшін алады. ӨМГ-де басқа жағдай. Онда кезекпен жұмыс істейді. Өндіріс процесі демалыссыз әрі үздіксіз болғандықтан, жұмысшының еңбекақысына шамадан артық істеген жұмысы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін қосымша төлемдер қосылады.
Сонымен қатар, Қаражамбастағы мұнайдың ауыр, тұтқырлығы жоғары екенін ескеру қажет, бұндай мұнайды өндіру және тасымалдау қиынға түседі. Сол себепті оны өндірудің өзіндік бағасы мұнайдың жеңілірек сұрыптарын өндіретін кен орындарына қарағанда қымбатырақ болады.
Қаражамбас кен орнында жер қабаттарынан мұнай алуды арттырудың термалдық әдістері қолданылады, нақтырақ айтсақ, жер қабатын бумен жылыту арқылы әсер етіп, ұңғылар бумен жылыту арқылы өңделінеді. Бұл - қосымша шығындарға алып келеді.
Мәселені Қаражамбас экономикасының тұрғысынан қарастыратын болсақ, қарапайым тілмен айтқанда, ҚЖМ-дағы еңбекақы ӨМГ-дағыдай болу үшін, 1,5 мың адамды жұмыстан босату керек. Бұл - әдбен мүмкін жағдай, себебі кен орындарындағы процестердің барлығы автоматтандырылған. Бірақ компания бұл қадамға әлеуметтік жауапкершілігін сезінгендіктен бармай отыр.
- Жұмыстан босатылғандар мәселесін шешуде билікке қандай көмек көрсетесіздер?
- Жұмыстан босталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелерімен Маңғыстау облысының әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тобы айналысады. Ол аймақтық баспасөзде Маңғыстау облысының кәсіпорындарында 2011 жылының соңына дейін құрылған жұмыс орындарының тізімін орналастырды. Жұмыстан еңбек міндеттемелерін бұзу себепті босатылған мамандар жұмысқа тұру мәселесімен Жұмысбастылық және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы немесе «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Маңғыстау филиалына хабарласа алады.
Біз заңсыз наразылық акцияларына қатысушыларға соңғы мезетке дейін жұмыстарына оралып, жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік бердік. Ұзақ уақыт бойы барлығының осындай мүмкіндігі болды. Әр жұмысшы жұмыс берушімен келісімшартқа отырғанда өзіне белгілі бір еңбек міндеттемелерін алады. Компанияның өз кезегінде мемлекет пен акционерлер алдындағы өндіріс жоспарларын орындауға қатысты міндеттемелері бар. Жұмысқа келмеу, заңсыз наразылық акциялары сол жоспарды орындауға кедергі тудырады, мемлекет пен акционерлердің мүдделеріне айтарлықтай залалын тигізеді. Сол себепті біз өндіріс мәселелерін еңбек міндеттемелерін бұзушыларды жұмыстан босатып, олардың орнына басқа жұмысшыларды алу арқылы шешуге мәжбүр болдық. Еңбек туралы заңнамаға жүгінсек, егер жұмысшы жұмысқа дәлелді себепсіз үш сағаттан артық шықпаса, компания ол жұмысшымен келісімшартты бұзуға құқылы. Бұған қоса, жұмыстан босатылғандардың орнына біз сол аймақтың адамдарын аламыз, бұндағы мақсатымыз - әлеуметтік шиеленісуді болдырмау және жұмыссыздар қатарын көбейтпеу.
Біз шатасқан немесе ереуіл ұйымдастырушыларының тарапынан қысым көрген жұмысшаларға жағдайды бағалап, талаптарының заңдылығын зерттеуге, құқықтарын біліп, жұмысқа оралуға барынша жағдай жасап бақтық. Біз адамдардың жұмысы мен нәпақасын сақтап қалуларына қолда бар мүмкіндіктің барын жасадық деп есептейміз.
...Қомақты әлеуметтік әлеуметтік пакет
- Жақын арада қысқартулар мен жұмыстан босатулар жоспарланбай ма?
- Жоқ, Ондай жоспар жоқ. Керісінше, жоспарда штат санын арттыру бар, мысалы, ӨМГ-де бір ұңғыға келетін адам саны 2004 жылдан бері 1,75-ден 2,04-ке дейін өсті. Бұнда бізге еңбек өнімділігінің мәселесін шешу керек, себебі адам басына шаққандағы өнімділік 848 тоннаны құраған 2007 жылмен салыстырғанда, қазір ол 688 тоннаға дейін, яғни 150 мың тонна шамасында түскен. Салыстыру үшін мысал, ресейлік компаниялардағы бұл көрсеткіш 1,7 млн-нан 4,0 млн тонна аралығында. Ал біздің жұмысшыларымыздың еңбекақылары ресейлік әріптестерінікіне қарағанда бірнеше есе артық. Сондай-ақ, компания мен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік серіктестік бағдарламасының аясында жыл сайын 1000 әлеуметтік жұмыс орны ашылатынын ескеру қажет.
- Бірқатар кәсіпорында ұжымдық келісімшарттар мерзімі аяқталып қалды, осыған орай еңбекақы мөлшерінің көбеюі жоспарлана ма?
- ӨМГ жұмысшыларымен ұжымдық келісімшарт осы жылдың ақпанынан 2013 жылға дейін жасалды. ҚЖМ-да келісімшартты 2010 жылдың наурызында 2013 жылға дейін жасады. 2007 жылдан бастап ӨМГ өндірістік филиалындағы еңбекақы екі еседен көп мөлшерге өсті. ӨМГ ӨФ өндірістік қызметкерлер құрамының қолына алатын орташа еңбекақысы 300 мың теңгені құрайды. Мысалы, 2007 жылдың қаңтарында IV разрядты ұңғыларды жерасты жөндеу операторының орташа айлық еңбекақысы 147 832 теңгені құраса, 2010 жылы бұл сома 296 092 теңгеге дейін көтерілді. Ал осы жылы еңбекақыны өтеудің жаңа жүйесі енгізілді, сонымен қатар, жыл басында инфляцияны ескеріп, индексациялауды назарға алғандағы, дәл сол жұмысшының еңбекақысы 316 719 теңгені құрады.
ҚЖМ-да да қызметақылар мен тарифтік мөлшерлемелер тұрақты түрде өсіріліп отырады. 2007 - 2011 жж. инфляцияның жиынтық коэффициенті 52,7% болса, ҚЖМ жұмысшыларының еңбекақысы мамандықтарына қарай 70%-дан 90%-ға дейін көбейтілді.
Сонымен қатар, компания жұмысшылары әлеуметтік пакетпен қамтамасыздандырылғандығын айтқымыз келеді, ол 2011 жылы ҚЖМ-да жұмысшы үшін 770 мың теңгені құрады. Жұмыс беруші қысқы және арнаулы жұмыс киімімен, үш уақыт тамақпен және ыңғайлы жатақханалардағы жатын орнымен қамтамасыз етеді, кен орындарында ұялы және телефондық байланыс, радио, теледидар, кітапхана, спортзал және клуб бар. Жұмысшылар медициналық қызмет көрсетулермен қамтамасыздандырылған, кен орындарына тасымалдау облыстың бірнеше елді мекенінен жүргізіледі.
ӨМГ-дегі бір жұмысшыға ұжымдық келісімшарт аясында кететін біржылдық шығын бір миллион теңгеден асады. Жыл сайын жұмысшылар көрсетумен санаторийлік-курорттық ем қабылдауға мүмкіндік алады, олардың балалары Украина мен Қазақстанның лагерьлерінде демалады, мұнайшылардың өздері мен отбасы мүшелеріне медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетіледі. Жұмысшылар мерекелерге сыйақылар, демалыс жәрдемақыларын, зейнет жасына келгендегі және балаға қарау бойынша жәрдемақы алады. Бір сөзбен айтқанда, ӨМГ мен ҚЖМ-дағы әлеуметтік пакеттер қомақты және осы саладағы басқа компаниялармен бәсекеге түсе аларлықтай.
Еңбек даулары - жиі орын алатын құбылыс
Құқықтық мәселелер бойынша анықтама алу үшін Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосыновқа хабарластық.
- Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін прокуратура құқықтық ықпалы бар қандай шаралар қабылдауда? Ведомстволарыңыз аймақта орын алып жатқан оқиғаларға шынайы бағасын берді ме? Жағдайдың келешектегі дамуына қандай болжамдар жасайсыздар?
- Соңғы жылдары облыстың мұнай-газ кәсіпорындарында еңбек даулары жиі шығып тұрды, олар өндірістің тоқтауына алып келетін ереуілдерге ұласатын. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде прокуратураның назары еңбек қатынастарындағы заңдылықты сақтау мәселелеріне ауды. Сонымен қатар, заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қабылдануда. Біз еңбек ұжымдары арасында кеңауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуге мән беріп отырмыз. «ҚаражамбасМұнай» АҚ және «ӨзенМұнайГаз» ӨФ кәсіпорындарының жұмыстан босатылған жұмысшыларын жұмыспен қамту жағдайын реттеу жөніндегі «НұрОтан» ХДП облыстық филиалының жанында Қоғамдық кеңес жұмыс істеген. Бүгінгі күні облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен аймақта құрылған 383 жұмыс орнына жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету туралы өтініштерді қарастыру жөніндегі жұмыс тобы өз жұмысын бастады. Әрине, жағдайдың ушығып кету қаупі бар. Алайда жасалған қадамдар оны барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
- Тараптардың, яғни жұмыс беруші мен наразылық танытушы жұмысшылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді ме?
- Тараптардың әрекеттеріне құқықтық бағаны сот органдары берді. Мысалы, Ерсай Каспий верфіндегі, Қаражамбас кен орнындағы, «ӨзенМұнайГаз» ӨФ, «Жөндеу» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «Круз» ЖШС-ндағы ереуілдер сот шешімдерімен заңсыз деп танылды.
Аймақ соттары наразылық шараларының 134 бастамашысы мен белсендісін әкімшілік жауапқа тартты.
Бірыңғай талаптар жоқ
- Наразылық танытушылардың белсендісі Соколованың сотталуы мен Аминовқа қатысты сот процесіне қандай баға бересіз?
- Ақтау сотының 08.08.2011 жылғы шешімімен Соколова Н.Г. Қылмыстық кодекстің 164 және 334-баптары бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыруға бұйырылды, сондай-ақ, 3 жыл бойы қоғамдық ұйымдарда белгілі қызметтерде жұмыс істеу және қоғамдық қызмет жүргізу құқығынан айырылды.
Сот шешіміне баға бере алмаймын, алайда оның сот тексеруі барысында алынған және зерттелген дәлелдерге негізделгенін айтқым келеді. Нақтырақ айтсақ, куәгерлердің түсініктері мен сараптамалардың шешімінің негізінде Соколованың әлеуметтік алауыздықты тұтату және ұйым тәртібін бұзу, жиналыстар мен митингілер өткізу ретінде бағаланған қылмыс жасағаны анықталды. Бұл өндіріс циклінің шамалы тоқтап қалуы секілді ауыр нәтижеге әкеп соқты. Қазіргі уақытта шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, себебі сотталушы мен оның қорғаушысы сот үкімін қайта қарастыру туралы шағым арыз беріп, енді шешімді аппеляциялық сот қарастырады.
Аминовты да сот жиналыстарды заңсыз ұйымдастырып өткізгені үшін айыпты деп тапты және ҚР ҚК 334-бабының 2-бөліміне сәйкес бас бостандығынан 1 жылға айыруға бұйырылды және ҚР ҚК 63-бабының қолданылуымен сынақ мерзімімен шартты түрде 2 жылға сотталды. Жазаның шартты түрін сот сотталушы кінәсін толығымен мойындағанын, өкініш білдіруін және қылмыс ауырлығының дәрежесін ескере отырып бұйырғанын айтып өту қажет. Сотталушының кінәсі тек оның мойындауымен ғана емес, істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Қазір сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
- Сіздің пікіріңізше, наразылық акцияларына қатысушыларды алдыға тартқан талаптары негізделген бе, егер негізделмеген болса, неге?
- Бұл ереуілдерді бір акцияға біріктіретін бірыңғай талаптар қойылған жоқ. Мысалы, Ерсайда мәселе еңбекақының 100%-ға көтерілуі жөнінде болды. Қаражамбас кен орнындағы ереуілге қатысушылар еңбекақыны арттыру коэффициенттерін (территориалдық - 1,7 және салалық - 1,8) қолдану арқылы көтеруді, сонымен қатар, жұмысшылардың пікірінше, олардың еңбекақысын көбейтуді қамтамасыз етпейтін кәсіптік комитет төрағасы Қосархановтың орнына басқа адамды сайлауды талап етуде.
ӨМГ кәсіподағының белсенділері жұмыс беруші мен еңбек ұжымының арасында 2010 жылғы ереуіл нәтижесінде жасалған келісімшарттардың қайта қарастырылуын талап етеді.
«Жөндеу» ЖШС (ӨМГ мердігерлік ұйымы) ереуілшілерінің талаптары ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелерге қатысты, яғни алдында жұмысшылардың талабымен тағайындалған ЖШС-ның қазіргі директоры Шаңгереевті жұмыстан босату болды. ӨМГ екі мердігерлік ұйымындағы - «Бұрғылау» ЖШС және «Круз» ЖШС-ндағы ереуілдер ӨМГ наразылық танытушы мұнайшыларына қолдау ретінде басталды, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жеке талаптар қойылған жоқ. Жоғарыда көрсетілген мәселелердің барлығы даулы болып табылады, оларды жұмыс берушілер мен жұмысшылар заңды тәртіппен келіссөздер арқылы немесе сотта шешуі тиіс.
Параллельді әлемдер
Жағдайдың осылай дамуының негізгі себептерін атап өтсеңіз (Еңбек туралы Заңның кемшіліктері, кәсіподақ қозғалысының ретсіздігі, биліктің жалтақтығы және т.б.).
- «ҚазМұнайГаз» БӨ» мұнай-газ өндіретін кәсіпорындары еңбек ұжымдарының наразылығы әлеуметтік жағдайға байланысты емес, ол компания мен кен орындарында істейтін жұмысшыларды қосымша басқару аппараты бар болуына байланысты. Бұған дейінгі барлық ереуілдер әлдеқайда тез басылатын, себебі жұмыс беруші жұмысшылардың барлық талаптарын, соның ішінде заңға қайшыларын да орындайтын. Мысалы, «Жөндеу» ЖШС («ҚМГ» БӨ» АҚ еншілес кәсіпорны) басшылығын ауыстыру туралы.
Нәтижесінде ереуілдерді бастаушылар мен белсенділер жазасыздықтарын сезініп, олар еңбек ұжымдарының пікірінде шүбәсіз беделге ие болды. Дәл сол «Жөндеу» ЖШС-ндағы қазіргі ереуілде еңбек ұжымының жұмыс берушіге ешбір экономикалық шағымдары жоқ, тек қайтадан директорды ауыстыруды талап етеді. Оны өткен ереуілде өздері тағайындауды сұраған.
Қалыптасқан жағдайдың тағы бір себебі, біздің пікірімізше, ұжыммен қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі, екі тараптың да мүддесін ескере отырып, дауды екіжақты форматта шешуге мүмкіндік беретін механизмнің болмауы.
- Қаладағы қылмыстық жағдайды сипаттап өтсеңіз және оған мұнайшылардың наразылық акциялары қалай әсер етті?
- Жаңаөзендегі қылмыстық жағдай тұрақты, қылмыстар көбеюде, бірақ бұның мұнайшылардың ереуілдерімен еш байланысы жоқ. Ереуілге қатысушылардың тарапынан тәртіпсіздік, билік өкілдеріне бағынбау жағдайлары тіркелген жоқ.
Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша барлық шараларды қамтамасыз етті, осы уақытта наразылық акциясын өткізу тәртібін бұзғаны үшін 38 адам әкімшілік жауапқа тартылды, бір адам қылмыстық жауапқа тартылды. Үстіміздегі жылдың 9 шілдесінен бастап рұқсат етілмеген аштық жариялау мен УОС-5 ғимаратының жанындағы жиналыстар тоқтатылды.
"Свобода слова" газеті