Сенбі, 23 Қараша 2024
4204 13 пікір 9 Ақпан, 2020 сағат 14:14

Тоқаев: Меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға қатысты зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін жазды.

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", - деп жазды Тоқаев.

Осыған дейін Бердібек Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті. Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты. Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын.

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен.

Ал 8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391