Жұма, 30 Қазан 2026
Әне, көрдің бе? 301 0 пікір 30 Қазан, 2026 сағат 13:34

Саяси вандализм: Қытайдың «Панда дипломатиясы»

Сурет: the-steppe.com сайтынан алынды.

2026 жылғы 29 қазанда жарияланған бұл сараптамалық материал Бейжіңнің ондаған жылдар бойы қолданып келген «Қаңбақ күш» (soft power) құралы — «панда дипломатиясының» бүгінгі таңда өзінің ажарынан айырылып, геосаяси манипуляция мен коммерциялық коммерциализацияның ашық көрінісіне айналғанын әшкерелейді.

ҚХР төрағасы Ши Жиңпиңнің жақында Уашингтонға сапары кезінде Атланта хайуанаттар бағына Пин Пин мен Фу Шуан есімді пандаларды беру туралы уадесі Батыс саясаттанушылары мен экологтары арасында бұрынғыдай сүйсініш тудыра қойған жоқ.

ТАРИХИ ЭКСПРОПРИАЦИЯ: ТИБЕТ МҰРАСЫН ИЕМДЕНУ

Қытай бұл сүйкімді қара-ала аюды өз ұлттық символы ретінде насихаттағанымен, пандалардың табиғи мекені — Волонг қорығы мен Тибет таулы үстірті.

1950–1951 жылдары Тибетті басып алғаннан кейін Пекин бұл аймақтың ресурстарын ғана емес, оның флорасы мен фаунасын (соның ішінде үлкен және кіші пандаларды) «жалпы қытайлық ұлттық брендке» айналдырды.

Тіпті сакура ағашын өсіру мәдениетін де Жапония мен Кореядан тартып алып, «қытайлық Гималайдан» (тосыннан Тибеттен) басталған деп дәлелдеуге тырысуы — Бейжіңнің мәдени экспансиясының айқын мисалы.

«Панда дипломатиясы» — бұл достық белгісі емес, өте тиімді коммерциялық франшиза.

Шетелдік хайуанаттар бағы бір жуп панда үшін жылына 1,1 миллион долларға дейін арендалық төлем төлейді. Одан бөлек, шетелде туылған әрбір панда баласы үшін 600 000 доллар және 2 миллион долларға жуық зерттеу демеушілігі талап етіледі.

1994–2023 жылдар аралығында Қытай пандаларды жалға беруден 300 миллион долларға жуық таза пайда тапты. Осыған байланысты Гиннес рекордтар кітабы үлкен панданы «қолда ұстау ең қымбатқа түсетін жануар» деп таныды.

Қытай жабайы табиғатты қорғау қауымдастығы шарттарға «аренда», «лизинг» немесе «келісімшарт» сөздерін қосуға тыйым салады. Себебі — жобаның коммерциялық сипатын жасыру.

ГЕОСАЯСИ ШАНТАЖ ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ШЕГІНІС

Бейжің пандаларды саяси қысым құралы ретінде жиі пайдаланады:

2010 жылы АҚШ президенті Барак Обама Далай-ламамен кездесетінін хабарлаған соң, Қытай АҚШ-та туған екі панда баласын дереу кері қайтарды. 2023 жылы Уашингтондағы Смитсон хайуанаттар бағындағы соңғы пандалар да Қытайға қайтарылып, жарты ғасырлық дәстүр үзілді.

2026 жылы Жапония да соңғы екі пандасын Бейжіңге қайтарып, 1972 жылдан бергі қарым-қатынаста алғаш рет пандасыз қалды. Керісінше, Катар сияқты стратегиялық серіктестерге панда жіберу арқылы Бейжің өз геосаяси мүдделерін таңбалайды.

Пандалар сырт көзге момын, сүйкімді болып көрінгенімен, олардың азу тісі мен шайнау күші (1300 Ньютон) арыстанның шайнау күшімен бірдей. Бұл — бүгінгі Қытай саясатының дәл метафорасы.

Дегенмен, бұл дипломатиялық құрал өзінің тиімділігін жоғалтуда. 2019 жылы панда бағдарламасы 21 елде жұмыс істесе, 2026 жылға қарай олардың саны 16-ға дейін азайды. Саясаткерлер де, қоғам да бұл «сүйкімді сыйлықтың» артында саяси міндеттемелер мен миллиондаған долларлық шоттар тұрғанын жақсы түсінеді. Бейжіңнің «қаңбақ күші» өз ажарын жұғалтты.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1307
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1862