Сейсенбі, 8 Қазан 2024
3866 7 пікір 9 Ақпан, 2020 сағат 14:16

ІІМ: Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордада өтіп жатқан брифингте айтты.

"9 ақпанда таңғы уақытта Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті. Түнде тағы екі адам қайтыс болған", - деді Алексей Калайчиди ОҚК брифингінде.

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған.

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.

Abai.kz

7 пікір