Дәурен Абаев: Масанчиде болған қақтығыстың себебін атады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Масанчи ауылында болған жаппай төбелестің себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
"Бұл – тұрмыстық жанжал. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде оқиғаның нақты қалай басталғанын және кімнің кінәлі екенін білеміз", - деді Абаев журналистерге берген сұхбатында.
Осыдан кейін журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды нақтылап беруді сұрады. Соның біреуі ақсақал мен балаларды балталап тастауға қатысты болды. Министр ол мәліметті жоққа шығарды. Журналистер тағы бір ақпартты нақтылап алмақ болды.
"Кәугерлердің сөзіне қарағанда, шынымен де, жаппай төбелеске тұрмыстық жанжал себеп болған. Сол кезде 82 жастағы қария зардап шеккен дейді. Ондай оқиға болды ма?", - деп сұрады тілшілер.
"Ондай версия бар. Бұл – тұрмыстық жанжал. Бірақ нақты не болғанын алдағы уақытта айтатын боламыз", - деп атап көрсетті Абаев.
Abai.kz