Ресейдің қорғаныс министрлігі Ердоғанның мәліметі шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Ресей мәліметі бойынша, Сириядағы террористок топтар бейбіт тұрғындарды "қалқан" ретінде пайдаланып жатыр.
Апта басында Түркияның Идлибтегі бақылау бекетіне шабуыл жасалған. Оннан астам түрік сарбазы қаза тапқан. Анкара Мәскеуді Сирия президенті Башар Асадқа ықпал етуді сұраған.
Түрік және сириялық БАҚ АҚШ армиясы мен Башар Асад армиясының қақтығысып қалғанын жазды. Бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Расталмаған ақпаратқа қарағанда, Сирия әскері америкалық сарбаздарды тоқтатып, әуеге оқ атқан. АҚШ әскері де жауап берген. Нәтижесінде бір адам қаза тапқан. Осыдан кейін америкалық әскери ұшағы бір рет соққы берген.
Reuters агенттігінің жазуынша, АҚШ коалициясы жанжал туындағанын растаған. Бұл оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген.
Сирия үкіметінің армиясы бірнеше аптадан бері Идлибте қарулы оппозициялық күшке қарсы соғыс жүргізіп жатыр.
2014 жылы Сирияда террористік топтарға қарсы АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция күрес басталған. Бұл коалиция Сириядағы демократиялық оппозициялық күшке қолдау көрсетеді. Ал Ресей әскері 2015 жылдың қыркүйегінде Сирияға кірді. Коалиция Мәскеуді Башар Асад режимін қолдайды деп айыптайды. Ал батыс елдері Башар Асад адам құқықтарын жаппай бұзып отыр деп айыптап келеді.
Abai.kz