Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2794 0 пікір 13 Ақпан, 2020 сағат 20:57

Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімінің экспорт көлемі өсті

Бұл туралы аймақ басшысы Қ.Ысқақов бүгінгі облыстық Қоғамдық кеңес алдында өткен жылдың қорытындысы бойынша есебінде атап өтті.

Көзделген меже орындалып, 2019 жыл Қызылорда облысы үшін жемісті  аяқталды десе болады. Бұған себеп, өткен жылдың салалық көрсеткіштері.

Атап айтсақ, 2019 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 7% өсіп отыр, бұл ретте өңделген өнім үлесі экспорттың 90-нан аса пайызын құрауда. Сонымен қатар, экспортталатын өнім түрлерінің тізбесінің соңғы жылдары 3-тен 19 түрге дейін көбейді. Бүгінгі таңда Агроөнеркәсіптік кешен өнімі әлемнің 19 еліне жіберілуде.

Мұнан бөлек, Қызылорда облысының даму мәселесі Қауіпсіздік Кеңесінде арнайы қаралды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Кешенді жоспар 12 бөлімнен, 119 іс-шарадан тұрады.

Кездесуде аймақ басшысы алдағы уақыттағы жоспарларға да тоқталды.

 «Осы жылдың көктемінде ас тұзын өңдеу және йодтау зауытын іске қосамыз. Сонымен қатар, 2020 жылы жылына 4 мың тонна балық өңдейтін цехты қуаты 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу, ірі қара мал өсіретін кешенді 600 бастан 1200 басқа кеңейту жобасын аяқтау және кварц құмын байыту бойынша кен-байыту комбинатының 1-ші желісін іске қосу жоспарлануда», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522