Оның айтуынша, қоғамдық тыңдау кезінде жергілікті тұрғындар мұнай іздеуді қолдап дауыс берген.
"Біз рұқсат бердік. Бірақ биыл бұл аймақта мұнай іздеу жұмысы әзірге басталмайды",- деді Қуанов.
Қазақстанда Кирсанов қорығында мұнай іздестіру жұмыстары жоспарланып жатқаны былтыр күзде айтыла бастаған. Жаңа жылға дейін қорыққа бару үшін жол жөнделіп, көпір салынған.
Кирсанов қорығы 1967 жылы түзілген. Бұл аймақта сирек кездесетін жануарлар бар.
Abai.kz