Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2217 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 07:50

Мәжіліс діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 21 қырқүйек. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын және «ҚР кейбір заң актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгені туралы конституциялық норма нақты жазылған. Бір де бір дін мемлекеттік немесе міндетті деп белгіленбейді. Осылайша, мемлекеттің зайырлылығы атап көрсетіліп, қоғамдық және мемлекеттік институттарының бірігуіне жол берілмейді», - деді дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф сәрсенбі күні заң жобасын таныстыра отырып.

Жаңа заң жобасына сәйкес, Қазақстандағы білім беру жүйесі діни оқу орындарынан басқасы, діннен бөлектенген және зайырлы мәнге ие.

Құжаттың бір нормасында барлық діндер мен діни бірлестіктердің заңның алдында бірдей екендігі айтылған, кейбір діндерге және діни бірлестіктерге басқаларға қарағанда артықшылықтар беруге жол берілмейді.

«Сондай-ақ, заң жобасының кіріспесінде ханафит оқуындағы ислам мен православиенің Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани өміріндені тарихи ролі мойындалып, оның рухани мұрасымен үйлесетін басқа діндерге құрмет атап көрсетілген», - деді Қ. Лама Шариф.

Негізгі жаңалық діни бірлестіктің статусын анықтау болып табылады. Жергілікті бірлестікті бір дінді ұстанатын Қазақстанның кем дегенде 50 азаматы құра алса, аймақтықты кем дегенде 500, республикалық бірлестікті кем дегенде 5 мың азаматы құра алады.

Заң жобасының 14-ші бабында діни бірлестіктің атауына ерекше орын берілген, ол қай дінге жататынын және мәртебесінен тұрады.

Оның толық немесе қысқартылған атауы, символикасы Қазақстанның және басқа мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін толығымен немесе бір бөлігін қайталамауға тиіс.

«Бүгінгі күні мешіттерді марқұм туған-туыстардың атымен атап жатады...бұл дұрыс емес деп есептейміз, ондайды қою керек. Мешіттерді атауда Аллах аттарының 99 эпитеттерін пайдаланған дұрысырақ болады», - деді агенттік басшысы.

Ілеспе заң жобасымен Қазақстанның бірқатар заң актілеріне өзгертулер енгізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485