Еліміз зілзаланы дәл болжайтын мүмкіндіктерге қашан қол жеткізеді?
Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:
- Меніңше, біріншіден, жер сілкінісін толық болжау әзірше мүмкін емес. Ғылым ондай жетістікке жете қойған жоқ. Жапондықтар сәл-пәл болса да алдын ала кішігірім хабарлама бере алатындай мүмкіндікке ие. Бірақ оларда жылына екі мыңдай жер сілкінісі болып тұрады. Сондықтан бізбен салыстыруға келмейді. Екіншіден, бізде бұл мәселеге билік тарапынан бөлінетін көңіл, бөлінетін қаржы өте төмен. Сондықтан зілзалаға дайындық Қазақстанда жеткілікті деңгейде емес. Ресурстардың төмендігіне қоса, жасыратыны жоқ, елімізде жалпы ғылымға көңіл бөлу жеткіліксіз. Бірақ, Құдай сақтасын, Алматы өңірінде не басқа жерде зілзала бола қойса, өте ауыр зардапқа әкеліп соғатыны айдан анық. Өйткені кейінгі кезде салынып жатқан құрылыстардың сапасына бақылау қойылып жатқан жоқ.
Шәміл Хакімов, сейсмолог, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының иегері (Өзбекстан):

- Ташкентте 1966 жылы жойқын зілзала тіркелді. Кейінгі жылдары бірнеше рет әлсіз дүмпулер тіркеліп тұрды. Он жыл бұрын жер сілкінісінің қауіптерін алдын ала басқару жөніндегі «Радиус» халықаралық жобасы бойынша жұмыстар атқардық. Алматыда мұндай жоба биыл тұңғыш рет қолға алынды. Оқу-жаттығу шаралары жүріп жатыр. Бірақ тек қана жаттығу амалдарымен зілзала қаупінен сақтана алмаймыз. Адамды жер сілкінісінің өзі емес, соған шыдас бермейтін ғимараттар өлтіреді. Сондықтан табиғи апаттың алдын алуға бағытталған жұмыстардың бастысы ғимарат атаулының сейсмикалық қатерлерге төзімділігін арттыру болуы тиіс. Ең алдымен, мектеп, балабақша, аурухана сияқты нысандардың беріктігін қамтамасыз ету мен тұрғындарды сауаттандыру қажет. Қазақстанда бұл мәселеге көңіл бөлінбей жатыр деуге болмайды. Сіздердегі Сейсмология институты - Орталық Азиядағы теңдесі жоқ ғылыми орталық.
Хасен Қожахмет, қоғам қайраткері:
- Жер сілкінісі - Алланың ісі ғой, оған ренжуге болмайды. Бірақ енді сонымен жұмыс істейтін арнайы мекемелер бар болғаннан кейін, оларға белгілі бір дәрежеде мүмкіндік берілген соң жұмыстарын тиісті деңгейде атқармаған, тұрғындарға алдын ала ескертпеген мамандарды, әрине, жауапқа тартқан дұрыс. Болжамдарының мүлт кеткенінен-ақ біздің сейсмологтардың дәрежесінің қандай екенін білуге болады. Халықтың олардан тиісті мәліметтерді кәдімгідей талап етуі заңды. Алматы қауіпті аймақ қой. Жер сілкінетінін ешкім болжай алмай қалған болса, бұл - мамандар мен ғылыми технологияның әлсіздігі. Ал апатты алдын ала дәл болжайтын кез қашан туатынын бір Құдай біледі.
Сауалнаманы жүргізген Болатбек Мұхтаров
"Алаш айнасы" газеті 22 маусым 2009 жыл