Сенбі, 12 Сәуір 2025
46 - сөз 4583 11 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 12:47

Әр балаға мемлекеттен жәрдемақы берілу керек!

Құлақтарыңа алтын сырға, билік, қайталап айтамын:
Қазақстанда, әсіресе қазақ аналарының ішінде көпбалалы Аналар кеңес кезіндей көп емес. Жылдан-жылға азайып жатыр.

- Әр балаға (18-23 жасқа дейін!) мемлекеттен жәрдемақы берілу керек! Бұл талқыланбайтын мәселе болу керек!

- Жаңа туған нәресте күтіміне байланысты бала 3-6 жасқа толғанша Ана декреттік демалыста отыруға құқылы болып қана қоймай, Ана мен сәбиге мемлекеттен жәрдемақы төлену керек! Бұл талқыланбайтын мәселе болу керек!

- 4 және одан көп балалы аналарға күміс алқа, алтын алқасына қосымша ай сайын "Көпбалалы ана" ретінде премия тағайындалу керек. Анаға!!! (Мысалы, қорықпай 4 және одан көп бала тауып, көпбалалы Ана атанғаны үшін ғана (!) үшін ғана - 4 баладан бастап, әр баланы тапқаны үшін 10 мыңнан қосылып отыру керек! ( 4 бала - 40 мың, 5 бала - 50 мың.... т.с.с)

Міне, осыларға қосымша, 8 балалы болғанда - бірден (өзге аналарға мотивация болу үшін) 300 мың ай сайын төлену керек. 10 балалы болғанда 500 мың, 12 балалы болғанда - 800 мың, 15 балалы болғанда - 1 млн теңге төлену керек!

Балаларының алды кәмелетке толса да, сонша бала тапқаны үшін, демографиялық ахуалды жақсартуға үлес қосқаны үшін ғана төлену керек!!! Бар денсаулығын, өмірін ұрпақ өсіру деген қасиетті миссияға арнағаны үшін!!! "Ардақты Ана", "Батыр Ана" атанғаны үшін!!!!

Міне, сонда Аналарымыз жылына екі рет қалаған санаторийіне барып, ем алып, демалып қайтатын мүмкіндігі болады.

Міне, сонда билік, сенің демографиялық ахуалға шын алаңдайтының.
Бұларды істей алмасаң, 30 жылдық ертегіңді айтпай-ақ қой.
Ертегілеріңе халық әлдеқашан тойған.

Сан бар жерде, сапа да болады!!!

Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1822
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4630
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3668