Сенбі, 23 Қараша 2024
2643 0 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 12:37

Қызылорда облысында үш аудан орталығына газ қосылады

Биыл 3 аудан орталығында – Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кентішілік газ желілерінің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы осы аудан орталықтары мен Арал ауданы Жақсықылыш кентінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда облыс халқының 64,5%-ы табиғи газды тұтынып отыр. Осы уақытқа дейін Қызылорда, Байқоңыр қалалалары мен 4 аудан орталығы газға қосылды. 

Аймақ басшысы алдағы уақытта басқа да елді мекендерді газдандыру мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

«Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2020 жылы тұрғындар саны 24 мыңдай адамды құрайтын Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Мұратбаев елді мекенін және Шиелі ауданының Байсын, Қодаманов, Бидайкөл, Бекежанов, Алғабас елді мекендерін газдандыру жобаларын іске асыруды бастау мәселелерін пысықтап жатырмыз. Келесі кезеңде тіректі елді мекендер газдандырылады», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сондай-ақ, 2021 жылы Төретам және Ақай, 2021-2022 жылдары Сексеуіл, Наурыз және Махамбетов елді мекендері газға қосылады деп жоспарлануда.

2020 жылдың соңына қарай елді мекендерді газдандыру деңгейі 70%-ға дейін жетеді деп күтілуде.

Бүгін, 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады. 

Есепті кездесу "Qyzylorda" облыстық телеарнасының эфирінде, "Қызылорда облысы әкімдігінің" ресми "facebook" парақшасында және "youtube" әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456