Ермекбаев мырза, облыстың қақ ортасынан қару ұрлануына не деп жауап бересіз?
Шекарадағы әскери бөлім болса мақұл екен, облыстың қақ ортасынан қару ұрлану, бұл барып тұрған ұйымдасқан қылмыс!
Ермекбаевты трибуналмен отставкіге жіберуді талап етемін!
Ермекбаев мырза “Арыстағы жарылысты табиғат апат”- деп едіңіз!
Отыз автомат, 27 пистолет, 400 оқ ұрлануын не деп жауап бересіз ?
Әскери бөлімнің ішінен жалғыз адам, соншама қару жарақты жалғыз өзі алып кетуі мүмкін емес! Қару жарақты қорғай алмай отырсыздар, халықты қалай қорғамақшысыздар?
Күні кеше ғана президентіміз қорғанысты күшейтуді айтқан еді. Қару жарақтар экстремистік топтардың қолына түсіп, бейбіт халық жапа шегетін болса, Ермекбаев мырзаны өмір бақи бас бостандығынан айыру керек!
Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz