Сенбі, 23 Қараша 2024
4063 16 пікір 21 Ақпан, 2020 сағат 12:23

Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Сот инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірген, Петр Ницекті өлтіруге тырысқан үш ер адамды және бір топ заңсыз аң аулағандарды кінәлі деп таныды. 

Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковты  өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл іске қатысты қалған тұлғалар - Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов, заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Барлық сотталғандар аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.

Сонымен қатар, сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алуға қаулы етті.

Еске салайық, 27 тамызда Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау басталған. Күдіктілердің қатарында Қызылорда облысының жеті тұрғыны болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, биыл қаңтарда олар алдын ала келісіп, Қарағанды облысының Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан. Онда 17 ақбөкенді атып, "Охотзоопром" қорықшылық қызметкерлерінің көзіне түскен. Олар қашып құтыламыз деп инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ер адамдар олардың қызметтік көлігі мен GPS кілттерін алып кеткендіктен, зардап шеккендерді бірнеше сағаттан кейін ғана табылған. Алайда Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387