Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3381 4 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 11:05

Қордайдағы жағдай - құқық қорғау органдары жұмысының шалалығы

Қордайдағы жағдайдың түп - тамыры әлеуметтік әділеттіліктің жетіспеушілігі мен хұқық қорғау органдарының жұмысының шалалығы.

Бір ғана мысал келтіруге болады.

Осыдан екі жыл бұрын Қаракемердің 8 жас жеткіншегі Қордайдан спорт жарысынан қайтып келе жатып, жолда басқа ұлт өкілдерімен ұстасып қалады. Біздің қандастарымыздың машинасының айнасын қағып кетеді, бір баланың аяғын машинамен басып өтеді. Сонан кейін екі жақ шекіседі, Қаракемерліктер сан жағынан аз болғандықтан, біраз опық жейді.
Бұл енді, ауылдағы қалыпты жағдай, бала кезімізде өзімізде талай таяқ жедік. Ешқандай ұлтаралық мәселе жоқ деуге болады.

Бірақ, бұл мәселені құқық қорғау орындары қалай шешеді? Гәп осында.

Жамбыл облыстық ІІБ, Қордай аудандық прокуратурасынан өкілдер келіп, екі жақты ымыраласуға шақырады. Қаракемердің ақсақалдары ақылдаса отырып, қаракөз балаларға, "істі насырға шаптырмай, достасуға барыңдар" деп балалардан, "ешқандай талабым жоқ арыз" деген арыз алдыртып алады. Жергілікті прокуратура өкілдері "екі жақты татуластырамыз" деп мәлімдеме жасап, кетіп қалады.

Қызықтың көкесі бір жылдан кейін басталады. 8- қазақ баласының екеуі Алматыдағы физкультура және спорт институтын бітіріп келіп, жергілікті мектепке жұмысқа тұрады. Тағы бір- екі бала әскерге қамдалады. Сөйтсе, Қордай прокуратурасы  осы өрімдей, сүп- сүйкімді балаларды сыртынан Қылмыстық Кодекстің 107-бабына сәйкес кіналы деп тауып, шешім шығарып қойған!

Бұл балалар не жұмысқа тұра алмайды, не армияға бара алмайды! Қызыл карточкаға іліккен! Өте биязы, мәдениетті, тәрбиелі балалар! Олардан ешқандай бұзақылықтың нышанын көрмедік, біз!

Енді, біз Ұлттық Кеңестің мүшелері ретінде, осы мәселені қайта қарау жөнінде Бас Прокуратураға жүгінуге шешім қабылдадық.

Қазір тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз.

Міне, осындай жекелеген әділетсіздік, адамның тағдырына немқұрайлы қарау адамның жүйкесін шаршататындығы анық.

Осындай әділетсіздікті жою басты міндет!!!

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308