Жұма, 22 Қараша 2024
2972 13 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 12:24

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның соты басталды

Арменияда бұрынғы президент Серж Саргсянның соты басталды. Бұл туралы "Армения жаңалықтары" басылымы хабарлады.

Бұрынғы президентке қарсы қылмыстық іс ауыл шаруашылығы бағдарламасына сәйкес бөлінген қаржыны ұрлауға байланысты қозғалған. Саргсяннан басқа бұл іс бойынша төрт адам жауапқа тартылып жатыр. Олардың арасында ауыл шаруашылығы министрі Серго Карапетян да бар.

Сейсенбі күні Еревандағы Аван және Нор Норк аудандық соттарында процедуралық мәселелер талқыланды.

Серж Саргсян өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ол бұл істің саяси астары бар деп біледі.

Арменияда екі мерзім қатарынан президент болған Саргсян 2018 жылы отставкаға кетті. Оның премьер-министр қызметінде қалу әрекеті халық наразылығын туғызып, соңында үкімет басына бұрынғы журналист Никол Пашинян сайланған.

2019 жылы желтоқсанда Саргсян коррупциялық схема құрды деп айыпталып, Армениядан шығуына тыйым салынған. 65 жастағы экс-президент кінәлі деп танылса, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302