"Тұрар. Сталинге хат" атты қойылымның тұсаукесері өтеді
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/02/472.jpg)
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Шерхан Мұртазаның пьесасы негізінде "Тұрар. Сталинге хат" атты қойылымның тұсаукесері өтеді.
Қойылымның режиссеры - Тұңғышбай Жаманқұлов.
Аталған қойылымға Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолдау білдірген.
Тұсакесер 5-наурыз күні, сағат 18:30 да болады.
Abai.kz