Жұма, 30 Қазан 2026
Жаңалықтар 243 0 пікір 30 Қазан, 2026 сағат 17:30

Ши Жиңпиң Путиннің жоспарын бұзуы мүмкін...

Сурет: tass.ru сайтынан алынды.

Бейжің Украина мәселесін және ядролық қарусыздануды талқылағысы келмейді.

ҚХР төрағасы Ши Жиңпиң қараша айында Шэньчжэньде өтетін АТЭС саммиті аясында ұйымдастырылуы мүмкін АҚШ президенті Дональд Трамп және ресейлік Путинмен үшжақты саммитке қатысудан бас тартуы мүмкін. Мұндай кездесу Украина, ядролық қарусыздану және Еуропамен қарым-қатынастағы пікір алшақтықтарға байланысты Бейжіңді ынғайсыз жағдайға қалдыруы ықтимал, деп жазады The Diplomat.

Мәскеу дипломатиялық оқшаулаудан шығып, АҚШ пен Бейжіңмен тең дәрежеде көрінуге мүмкіндік беретін бұл келіссөздерге өте мүдделі. Кремль үшін ең қалаулы нәтиже — Киевтің толыққанды қатысуынсыз, 1945 жылғы Ялта конференциясының үлгісі бойынша Украинаның тағдыры туралы келісімге қол жеткізу болар еді. Трамп болса Украинаны талқылаудан қазірдің өзінде бас тартқан.

Дегенмен, Бейжің үшін мұндай формат үлкен тәуекелдер тудырады. Қытай бұған дейін келіссөздер процесіне Ресей де, Украина да қатысуы тиіс деп баса айтқан болатын. Бұл елдің болашағын украин тарапынсыз талқылау Бейжіңнің ұстанған бұл позициясына қайшы келеді.

Қосымша түйткіл тудырып отырған тағы бір мәселе — ядролық қарусыздану тақырыбы. Трамп бұл мәселені кездесудің басты күн тәртібіне айналдыруды ұсынған еді. Ал Бейжің Мәскеу және Вашингтонмен тең жағдайда келіссөз жүргізуден бас тартады, өйткені оның ядролық арсеналы әлдеқайда аз. Қытай алдымен АҚШ пен Ресей өз қорларын айтарлықтай қысқартуы тиіс деген талап қойып отыр.

«Шиде мұндай кездесуден қашудың стратегикалық себептері бар», — деп жазады The Diplomat. Сонымен бірге, бұл саммит АТЭС-тің басты міндеті — экономикалық ынтымақтастықты жылжыту мен Қытайдың әлемдік экономикадағы рөлін көрсетуге көлеңке түсіруі мүмкін.

Егер Бейжің бұл кездесуден бас тарта алмаса, оның форматын өзгертуге тырысуы ықтимал. Яғни, Украинаға немесе ядролық қаруға арналған ресми саммит орнына, бұлыңғыр күн тәртібі бар бейресми пікір алысу түрінде өткізуі мүмкін.

Еуропа мен Бейжің үшін негізгі айырмашылық — бұл кездесудің жай ғана пикір алмасу болып көрінуі ме, әлде үш державаның Еуропа құрлығының тағдырын оған мүше елдердің қатысуынсыз шешуге ұмтылысы болып қабылдануы ма, сонда жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1313
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1866