Жұма, 22 Қараша 2024
3811 20 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 11:44

Идлибтегі шайқас: Түркия 30-ға жуық сарбазынан айрылды

Сирияның солтүстік-батысында Башар Асад күштерінің соққысынан кем дегенде 29 түрік сарбазы қаза тауып, 36 жауынгері жараланды. Бұл мәліметті түріктің Хатай провинциясының губернаторы хабарлады.

Сириядағы тоғыз жыл соғыста Түркия алғаш рет осынша көп сарбазынан айрылып отыр. Бейсенбі күні кешке Түркия президенті Режеп Ердоған елдің Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысын өткізді.

Асад жүйесіне құрлықта да, әуеде де соққымен жауап беру туралы шешім қабылданды деп мәлімдеді "Анадолы" агенттігіне Анкараның ресми өкілі Фахреттин Алтун:

"Жиналыста Асад жүйесі жүз мыңдаған сириялықтың өліміне жауапты екені айтылып, заңсыз жүйеден кек алу туралы шешім қабылданды".

Идлибтегі жағдайдың ушығуы салдарынан Түркия мен Ресей майданда бетпе-бет кездесіп қалуы мүмкін. Түркия бұны болдырмауға тырысады. Анкара өкілі бейсенбі күні түрік әскеріне соққыны Асад күштері жасады дегенімен, Идлибке әуе соққыларының денін Ресей әуе күштері жүзеге асырып отыр.

Таяу Шығыстағы соғыстан миллион адам Сирияны тастап кетті, олардың дені Түркиядағы босқындар лагерьлерінде тұрып жатыр, бірақ көбісі Еуропаға өтуді қалайды.

БҰҰ Идлибтегі бейбіт халыққа қауіп төніп, олардың гуманитарлық құқықтары бұзылғанын жариялады. Ұйым мәліметі бойынша, желтоқсанның басынан бері провинцияны шамамен 950 мың адам тастап кетті.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315