Қазақстанда қанша ескерткіш бар?
Бүкіл адамзат тарихының дамуы мен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысының нәтижесі болып табылатын материалдық құндылық – мәдени ескерткіштер. Біздің елімізде бүгінде қанша тарихи-мәдени ескерткіш бар?
Надира Жандосқызы, Атырау қаласы
Қазақстан аумағында ежелден-ақ дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25 000 ескерткіш бар. Осы ескерткіштердің ең көрнектілерін атар болсақ, олар байырғы заман адамдарының қоныстары, бірнеше мыңжылдық тарихы бар қалалар. Ал әлемдегі кірпіштен салынған бірінші күмбездердің бірі – б.з.д. ІV-IІ ғғ. Баланды ІІ кесенесі. Айша Бибі кесенесі – сәулет өнерінің маржаны. Сонымен қатар бұл ескерткіштердегі шешімдер қазақ жеріндегі XI-XII ғасырлардағы сәулет өнері мен оның технологиясының даму деңгейін көрсетеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды. Аталмыш кесене шығыс сәулет өнерінің энциклопедиясы деп атауға тұрарлық. Ал еліміздегі ең ірі мегаполис Алматыда 179 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 99-ы – сәулет, 52-сі монументалдық өнер туындысы.
«Алаш айнасы» газеті 23 маусым 2009 жыл