Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 33563 0 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 22:36

ERG коронавируспен күрес республикалық қорына 4,5 миллиард теңге бөледі

Жаһандық коронавирус пандемиясы кезеңінде ел экономикасын тұрақтыру қамында Президент пен Қазақстан үкіметі қолға алған шаралар кешенін демеуге бағытталған бұл бастаманы нақты қолдау ретінде ERG қор құруға 4,5 млрд теңге бөліп отыр.

Еуразиялық Топтың мыңдаған еңбек ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуін жылы қабылдады.

Барша қазақстандықтар қатарында бізді де әлемдегі соңғы оқиғалар қатты алаңдап отыр. Себебі, кесел біздің ортақ үйімізді де айналып өтпеді. Алайда, осындай сын сағатта қиындықты қалай еңсеретініміз әрі бұдан арғы тарихымыздың қалай өрілмегі тек біздің өзімізге байланысты екенін де жете түсінеміз. Осы қысылтаяң шақта Елбасының қолдауы мен оның халыққа деген кәміл сенімі болашаққа зор үміт пен ерекше ұмтылыс сыйлап отыр.

ERG қызметкерлері мен басшылығы елді қолдауға арналған республикалық қор құру бастамасын қолдады. Біз ортақ қатермен күресте жұдырықтай жұмылып, күш біріктіру жайлы дер кезінде жолданған үндеуі мен бастамасы үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтамыз. Өткенді саралар болсақ, ынтымақ, бірлік пен келісім әрдайым Қазақстан халқының кез келген қатерлерді еңсеріп, дамуына нық іргетас болып келді.

Біз бұл қадам Қазақстанның барлық кәсіпкерлеріне үлгі болып, елдің келешегіне жауапкершілікті сезу мәдениетін қалыптастырудың бастауы болады деген үміттеміз. Өйткені, біздің қоғамның әлеуметтік саласына қосылған әрбір үлес кәсіпкердің тек қайырымдылық миссиясы мен міндеті ғана емес, келешекте бизнестің орнықты дамуына құйылып жатқан берік іргетас.

Ұлт көшбасшы өз үндеуінде «осындай қиын сәттерде еш уақытта шетте қалып көрмеген отандық кәсіпкерлер қор құруда да қолғабыс етер» деген сенім білдірген болатын. ERG-дің 25 жылдық шежіресі Тәуелсіз Қазақстан тарихымен қатар өрілген. Жас мемлекет пен Топтың нығаюы мен өрлеуі, халқымыз бен қызметкерлеріміздің ортақ тағдырын бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Сол себепті, осындай күрделі тұстарда елге, біздің «туған жерге» қолдау көрсетуіміз халық алдындағы қалыпты жауапкершілігіміздің бір көрінісі ғана.

Қазіргі таңда әлемдік қатер алдында бәріміз – пеште жалынды ауыздықтаған балқытушы, жер астында ел игілігіне еңбек етіп жатқан кенші, ұңғылаушы, машинст, энергетик, геологтар мен тың технология әзірлеушілер, топ-менеджерлер мен қарапайым еңбек адамдары бәріміз түгел бірдейміз. Алайда, қуатты компания мен алып ел күш біріктірсек, бұл қатерді де еңсере аламыз. Елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, біз барлық өндірістің үзіліссіз, тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етіп отырмыз. Біздің шахталар мен кеніштерде ертең машиналар мен ұшақ өндіруге қажетті пайдалы қазбалар өндіріліп жатыр. Зауыттар ертең адам өмірін ажалдан арашалап алып қалар скальпелдер өндірілетін металды балқытып жатыр. Біздің станциялар ең маңызды нысандар – баспаналар мен ауруханаларды жылу, жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін дамылсыз секунд сайын қуат өндіріп тұр. Біз болашаққа нық сеніммен қадам басып, мыңдаған отандасымызды еңбекпен қамтып, салық төлеуді жалғастыра береміз.

Бұл күндері әрбір еуразиялық өзінің ел ғана емес, өзінің және ет жақындарының алдындағы жауапкершілігін жете түсінеді. ERG-дің барлық кәсіпорындарында күшейтілген қауіпсіздік тәртібі енгізілді. Карантин жарияланған соң, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы қызметкерлер түгел, Ақтөбедегі мамандардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.

Елбасы үндеуінде айтқандай, біздің ел өз тарихында талай қатерлі кезеңдерді ынтымақпен еңсеріп, Отан қамы үшін ерінбей еңбек етіп келді. Кешегі өткен кезеңдерге көз жүгіртсеңіз, тоқырау кезеңінен де өтіп, тұралап қалған елді қалпына келтіріп, жаңа өндіріс ашып, зауыттарымызды қалпына келтірдік. Осы орайда, әр сынақ бізді тек шынықтыра түсерін, дамудың жаңа сатысына жетелейтінін терең түсінеміз.

Әлемдегі қазіргі ахуал қазақстандықтарды келешекте өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық сананың жаңа дейіне жетелеріне сендіміз. Көшбасшының сындарлы сөздері мен көреген бастамалары кезекті рет бізді гүлдену мен жаңа мүмкіндіктер жолына бастағалы тұр!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257