Дүниежүзілік банк 2009 жылы Қазақстанда ЖІӨ 1,5% төмендейді деп болжайды
Алматы. 23 маусым. ҚазТАГ – Дүниежүзілік банк 2009 жылы Қазақстанда ЖІӨ 1,5% төмендейді деп болжайды. Ағымдағы баланстың дефициті 8,4% құрайды. Дүйсенбі күні Дүниежүзілік банктің сайтында осындай ақпарат жарық көрді.
2010 және 2011 жылдары Қазақстанда тиісінше 1,5% және 3% өсім болжанып отыр. Бұл кезеңде төлем балансының дефициті 7,8% және 6,3% құрайды.
«ТМД аймағы терең рецессияға 2009 жылы ұшырайды деп болжанып отыр. ЖІӨ 2007-2008 жылдардағы 8,6% және 5,6% өсімнің орнына 6,2% төмендейді. ТМД-ның мұнай экспорттаушы елдері үшін саудадағы шығындар 2008 жылдағы ЖІӨ деңгейінің 7,9% көлемінде болады», - делінген Дүниежүзілік банктің есебінде.
ЖІӨ-нің ең көп төмендеуі Украинада, Ресейде және Арменияда байқалады, бұл елдерде экономиканың құлдырауы тиісінше 9%, 7,5% және 6% құрайды. Ең көп өсім Әзербайжан мен Өзбекстанда болады – тиісінше 3,3% және 4,5% .
Украинада, Ресейде, Әзербайжанда, Өзбекстанда сауда балансының профицитіне қол жеткізіледі, тиісінше 0,1%, 2,4%, 10,3% және 11,8% көлемде. Ең көп дефицит Арменияда (ЖІӨ-нің 12,1%), Молдовада (12,1%) және Грузияда (19,1%) байқалады.
Ең нашар жағдай Балтық елдерінде қалыптасады. Биылғы жылы Литва мен Латвияда ЖІӨ тиісінше 10% және 13% пайызға қысқарады. Бұл елдердің сауда балансының дефициті тиісінше, 5% және 6,6% құрайды.